Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Желілілер типі

Желілілер типі – денесі үш қабаттан тұратын, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ.Бұл типке жататын жануарлардың арқа жағында бас пен құйрықты жалғастыратын созынды –желі болады.Дененің басқы бөлігін құйрығымен жалғастыратын арқа созындысы керілген желіге ұқсас болғандықтан, қарастырылатын тип желілілер типі деп аталады. Желілілердің сыртқы пішіні, тіршілік әрекеті, мекен ортасы әр түрлі жануарлардан құралады.Олардың 40-45 мыңдай түрі бар.Желілілер құрлықта ,топырақта, суда, ағаш басында мекендейді.Ауада ұшып тіршілік ететін түрлері де бар.
Желілілерге тән негізгі ерекшеліктер:
Ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді әрі тығыз арқа желісі болады.Желі –төменгі сатыдағы жануарларда өмір бойы сақталып, ішкі қаңқаның қызметін атқарады.Жоғары сатыдағы жануарларда желіден омыртқа жотасы пайда болады.
Желінің үстіңгі жағында ұзынынан орналасқан жүйке түтігі болады.Омыртқалы жануарларда жүйке түтігінің алдыңғы ұшы жуанданып –миға, ал соңғы бөлігі жұлынға айналады.
Суда тіршілік ететін желілілерде жұтқыншақ қабырғасындағы желбезек саңылауы өмір бойы сақталады да, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда желбезек саңылауларының орнына өкпе пайда болады.
Қанайналым жүйесі –тұйық.Жүрегі кеуде қуысының төиенгі жағына таман орналасады.
Желілілердің үш тип тармағы бар.Олар: бассүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар.

Раздел: Конспекты уроков по биологии для 7 класса
Автор:
учитель биологии сош№1 п.Чапаево.
Дата публикации: 18.02.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Искалиева С. Г. Желілілер типі // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/bio/7-klass/file/6075-zhelililer-tipi-slajd (дата обращения: 28.03.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию