Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Жүрек-қантамыр аурулары

Включает методическую разработку

Сабақ тақырыбы:40.Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу.
Сабақ мақсаты:Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жолдары мен қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек түрлерін түсіндіру.
Көрнекі-құралдар:Кесте «Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем»
Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Жаңа сабақ материалын меңгеру.

Аз қимылдау,мөлшерден тыс тамақ ішу,спиртті сусындарды ішу,темекі тарту жүрек іс-әрекетін нашарлатады,ал бұл бүкіл организмге әсер етеді. Жаттыққан адамның жүрегінің жұмысқа қабілеттілігі жоғары болады.Ол сирек , бірақ күшті жиырылады,сондықтан мұндай жүрек едәуір көп қанды айдап,үнемді жұмыс істейді.Сол үшін организмді үнемі шынықтырып,таңертең жаттығу жасап,спортпен айналысып,серуендеп,ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіру керек. Шектен тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып,жүрек ауруларын туғызуы мүмкін. Темекі тарту,алкогольді ішу зор зиян келтіреді.Олар бұлшық еті мен жүйке жүйесін уландырады.Темекідегі никотинқан тамырларынтарылтып,қан қысымын көтереді,қанның ұюын күшейтеді.Темекі тартатын және алкоголь ішетін жас адамның тамырлары тромбпен бітеліп,тамыр өткізгіштігі нашарлайды.Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі біртіндеп төмендеп,содан кейін тоқтап қалуы жүректің қандай да бір бөлігінің жансыздануына Қан,яғни жүрек инфарктіне себепші болуы мүмкін.
Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем. кетудің капиллярлық,веналық,артериялық үш түрі ажыратылады.Капиллярлық қан кетуде жарақатта қан тамшыларының бөлінуі байқалады.Алғашқы көмек көрсеткенде,жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен (5%-дық) өңдеп, таза дәке таңғышпен салу керек. Веналық қан кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады.Ірі веналар зақымданғанда жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп,қысатын таңғыш салу керек.Аяқ-қол жарақаттанғанда оған қан кетуді азайту үшін көтеру керек.
Артериялық қан кету. Ашық алқызыл түсті қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшеленеді.Мұндай кезде зақымданған жерден сәл жоғары жерден тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып,жгутпен қысу керек.Ұлпалар жансызданып қалмау үшін 2 сағаттан артық ұстамау керек.Дәрігерге тезірек жеткізген дұрыс.
Оқушылардың түсініп есте сақтайтыны:Жүрек жұмысының бұзылуы.Аз қимылдау.Шектен тыс ақыл-ой және дене жүктемесі.Никотин.Алкоголь. Инфаркт.Қан кетудің түрлері. Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету.
Сабақты бекіту. Сұрақ тапсырмалармен жұмыс.
Үй тапсырмасын беру. Тест сұрақтарымен жұмыс жасау.
Бағалау.

Раздел: Конспекты уроков по биологии для 8 класса
Автор:
"№39ЖОББМ"КММ Биология пәні мұғалімі
Дата публикации: 23.01.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Масалимова Ж. А. Жүрек-қантамыр аурулары // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/bio/8-klass/file/4442-zh-rek-antamyr-aurulary (дата обращения: 28.03.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию