Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Өмірді тану - өзіңді тану

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өмірді тану - өзіңді тану» (психологиялық тренингтер)
Мақсаты:Өзін-өзі тану – өмірді тану екендігі ұғындыру, адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіруге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұрпағын ізгілікке бастаған, шәкірттер жүрегіне адамгершіліктің дәнін себуге ұмтылған ұстаздар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, көңілі шат, арманы асқақ, талғамы биік студенттер!
1-жүргізуші: Бүгін тобымызда «Өмірді тану - өзіңді тану» тақырыбында психологиялық тренингтер сағаты өткелі отыр.
2-жүргізуші: Иә, «Өзіңе деген махаббат- тамаша нәрсе,өйткені ол- адамның өз қабілетін сезінгенінің белгісі» деп Т.Гоббас айтқандай адам өзін-өзі қабылдай білсе,істеген іс-әрекеттерін бағалай алса,сонымен қатар өз бойындағы адами құндылықтарын жоғалтпаса,біздің өміріміз қоршаған ортамен үйлесімді болар еді.Өмірімізде қызыққа толы ғажайыптар көбірек болатын еді.Денсаулығымыз жақсарып,басқа адамдармен қарым-қатынасымыз нығая түсетін еді.Біз өзімізді шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыратын едік.Осының барлығы біздің әсер етуімізсіз-ақ болатын еді.
1-жүргізуші: Ал енді, тәрбие сағатымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ.
« Ағаш» жаттығуы. (Оқушылардың көңіл күйін анықтау)
Жаттығу мақсаты: Топ оқушыларының көңіл күйін анықтау.
Нұсқау: «Көздеріңізді жұмыңыздар және өздеріңізді қандай да бір ағашпын деп ойлаңыздар. Енді сіздер ойлаған ағаш қандай, айналадағы ауа-райы қандай, және сіздердің ағаштарыңыз өздерін қалай сезініп тұрғаны туралы айтып беріңіздер.
2-жүргізуші: Қ.Нақысбеков
Жақсы мінез, жылы сөз-жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

1-жүргізуші: Келесі тренингіміз мінезімізді анықтауға арналған
Психогеометриялық тест
1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;
2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;
3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға мүмкіндік береді.
Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазбай сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу...
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.

Раздел: Конспекты классных часов в 9 классе
Автор:
БҚО, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дата публикации: 15.03.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Габбасова Б. З. Өмірді тану - өзіңді тану // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/class-chas/9-klass/file/25146-mirdi-tanu-zi-di-tanu (дата обращения: 19.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию