Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект занятия Үй құстары

Включает методическую разработку

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп аталады. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзаттың нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.

Тауықтектестерден – тауық, күркетауық, мысыр тауығы, тауыс және жапон бөденесі. Үйрек пен қазда қолға үйретілген құстарға жатады. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат олардың жұмыртқасы мен етін алу. Тауыс, көгершін және баққунақ әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсірілді. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені – асыранды қаз. Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде – жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қутұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Олар бірінен-
бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30-50жұмыртқа береді.
Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италия, реин, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары тулуз, ланд, италия, рейн қаздары жатады.
Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні – үй тауығы. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі Азияның оңтүстік шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үнді жерінде Ява, Суматра, Цейлон, Зонд аралдарындағы орманды алқаптарында таралған. Оның дене тұрқы шағын, салмағы 600-800 г, ұясын жерге салып, жылына 8-12 жұмыртқа салады. Үй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді.
Үй тауығының қолтұқымдары негізінен мынадай бағытта өсіріледі.

Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауық тектес құстың бірі – цесарка. Қазіргі кезде цесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі – бөдене. Оның жұмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді, шипалы. Бұл құс өте өсімтал. Азияның оңтүстігінде бұталы, орманды жерлерде тауыстың бірнеше жабайы түрі кездеседі. Қазіргі кезде көптеп қолға үйретіле бастаған құс – африкалық түйеқұс. Оның еті, жұмыртқасы тағам ретінде пайдаланылады. Түйеқұс өсіретін фирмалар АҚШ-та, Қытайда өзгеде елдерде бар. Қарағанды, Жезқазған, Астана және Шымкентте де түйеқұс өсірілуде.

2. Әсемдік үшін өсірілетін үй құстарын жазып келу.
3. Өздерің тұратын жердегі үй құстарына түсініктеме жазыңдар. Құс фабрикасы туралы қосымша әдебиеттерден деректер жинап, оған талдау жасаңдар.

Раздел: Конспекты занятий для детского сада
Автор:
Бақыт шағын орталығы, тәрбиеші
Соавтор: Масалимова Маржан Асхарбековна
Дата публикации: 09.02.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Масалимова М. А. Үй құстары // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/detsad/konspekti/file/5514-j-stary (дата обращения: 16.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Скачать сертификат соавтора
  Заказать рецензию на публикацию