Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

сценарий праздника Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.

Мақсаты:
1) Балалардың түсінігіне «Демалуға құқылы», «Білімалуға құқылы» екендігін қалыптастыру.
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың санасына Халықаралық мейрам «Балаларды қорғау күнінің» маңыздылығын сіңіру.
3) Тәрбиелік мақсатта шығармашылық ұсыныс балалардың бірдей қатысуына бүкіл мүмкіндіктер қарастырылады.

Қатысушылар:
Сайқымазақтар (Клоун)

Мереке балалар бақшасының ауласындағы аланда өтеді. Балалар қаз – қатар тұрғызылып көңілді ән ойналады.

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме балалар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Сәлеметсіңдерме, сәлеметсіңдерме, сәлеметсіңдерме!
Жылдың алғашқы жазды күні
Бәріміз мерекеге жиналдық!
Тек жаңа жыл емес, карнавал емес
Оған ренжіп қалмандар.
Әр қайсыларыңның жүздеріңнен
Қуаныш, күлкі көреміз.
Ылайым солай болсын деп
Сіздерге сәлем береміз!

Бүгін сіздер мен біздің «Балаларды қорғау күніне арналған» үлкен көңілді мейрамымыз. Біз ойын ойнамыз, өлең айтамыз, би билейміз және бізге тамаша қонақтар келіп қатысады, бірге мейрамдаймыз. Ал енді мерекені «Солнечный круг» деген өлең мен бастауды ұсынамын.
«Солнечный круг» әні орындалады.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді балабақшамыздың меңгерушісі Сауле Окенқызы құттықтайды. Құттықтау сөзі Сауле Окенқызына беріледі.
«Балауса» тобының тәрбиешісі: Айгүл апайдың әнін тамашалаңыздар.

Сайқымазақтардың келуі

Сайқымазақ:Бұл не мереке? Ненітойлапжатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсізешқандаймерекеболмайды?

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба? Қалдырамыз.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.
(«Айналайын» тобы - 2 бала тақпақ, «Ботақан» тобы, «Қошақан» тобы -
«Жауқазын» әні, «Ботақан» тобы «Гүлге қонған көбелек» би, тақпақтар,
«Балауса» тобы–«Жас дәуірдің түлегіміз»

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Ойын:«Қалай өмір сүресің» Сайқымазақтар өткізеді.
Балалар сөздердің мағынасы бойынша қимыл – қозғалыстар жасай бастайды
Қалай тұрасың? – Былай! (бас саусағын көрсетеді)
Қалай жүресің? – Былай! (орында жүре бастайды)
Қалай малтыйсың? – Былай! (сұға жүзіп малтып бара жатқан кейіп көрсетеді)
Қалай жүгіресің? – Былай! (орында тұрып жүгіреді)
Қалай көңілсіздене қаласың? – Былай! (басын иығына салып мұная қалады)
Ал бұраңдай аласың ба? – Былай! (бұраңдайды)
Ал қорқыта аласың ба? – Былай! (сұқ саусағын кезейді)
Ойын 3-4 рет қайталанады, әр қайталанған сайын тез сұрақ қойылып, тез – тез жауап қайтарылады.

Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Музыка мұғалімінің орындауында ән:

Жүргізуші: - Ал, балалар, енді жұмбақтар шешейік.

Жұмбақтар:
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (Күн)

Ішін желмен толтырдым,
Қуалап жүріп болдырдым. (Доп)

Арлы – берлі қақпаны,
Тербетіп – ақ жатқаны. (Жел)

Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Жүргізуші:
Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім-деп
Анаң сені оятты – деп тәрбиешілердің орындауындағы «Кукарело» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:
Қолдарыңа бор алындар
Асфальтта сурет салыңдар
Сол суретте болсыншы
Шаттық күн, ашық аспан көк түсті
Бақыт деген сол екен
Береке, бірліктерің жарассын
Әр топ өздері қалаған суреттер салады асфальтта. Жақсы әдемі салынған сурет, марапатталады.
Сайқымазақтар: -Балалар, біз сендерге арнап сиқырлы шарлар ала келдік, бұл шарды біз ұшарамыз, ұшырмас бұрын барлығымыз жиналып өз армандарымызды сыбырлап айтамыз (шарды ұшырамыз).
Сайқымазақ: Ал, балалар біз ертегідегідей Көнілді елімізге оралуымыз керек. Қалай сендердің бірлесе көңілді қатты шыққан күлкілеріңді естісек, солай бала – бақшаларыңның қонағы боламыз.
Сайқымазақтар: Әзірге қош сау болыңдар.
Көңілді әннің әуенімен қонақтар кетеді.
Жүргізуші: - Міне, біздің мереке де аяқталып келды. Бірақ біз әлі кездесеміз, талай кездесеміз. –Ал, қане балалар, бәріміз ортаға шығып «Қара жорға» биін билейік.

Көңілді әнмен балалар өз топтарына тарайды.

Раздел: Сценарии праздников для детского сада
Автор:
Детский сад "Еркетай"
Дата публикации: 13.03.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Сункарбекова Д. С. Халықаралық балаларды қорғау күні // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/detsad/scenarii/file/25007-khaly-araly-balalardy-or-au-k-ni (дата обращения: 29.03.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию