Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Қызықты физика

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта
алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша,
физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың
шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға
арналған құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,
Формасы: ойын сабақ
БАРЫСЫ:
Ойынның шарттары:

1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
7. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
8. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ойынға 2 топ қатысады.
1. «Ойшылдар» тобы
2. «Тапқырлар» тобы
І.ТАНЫСТЫРУ
(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)
1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

II. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)
2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай
1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/
2. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
3. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
4. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
5. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
6. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
7. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
8. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
9. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
10. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /тұңғыш адам ғарышқа ұшты/
11. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
12. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/
13. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
14. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
15. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.
Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.

Раздел: Конспекты уроков по физике для 8 класса
Автор:
«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ, физика пәнінің мұғалімі
Дата публикации: 13.12.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Жунусова . А. Қызықты физика // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizika/8-klass/file/19817-yzy-ty-fizika-tanymdy-ojyny (дата обращения: 18.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
Скачать сертификат об участии в конкурсе «Конспект года»— о конкурсе
  Заказать рецензию на публикацию