Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока A есебі. Өзгеріс не үшін керек?

Отчет А. Для учителей кто проходил уровневые курсы.

Заманауи әлемдегі болып жатқан өзгерістерді жаһандандыру арқылы, яғни білім арқылы білуге болады. Себебі, бүгінгі күні ақпарат алу үшін интернет пен ақпараттық технология көздері кеңінен таралған. Білімділік сайтпен порталдар көбейіп келеді. Дамыған спутниктік қатынас арқылы әлемнің кез келген жеріне интернет арқылы кіруге болады. «Қашықтық оқыту», «Телемост» сияқты түсініктер әр түрлі ұйымдар арасында білімдік телекөпір, телеарналар құруға әкеліп отыр.

Бірегей ақпараттық кеңістікті құру нәтижесінде мектептің де рөлі өзгеріп отыр. Барлық қызмет көрсету саласына еніп отырған технологизация, автомотизация, политалогизация мектеп практикасының өзгеруін ғана талап етіп отырған жоқ, сонымен қатар барлық білім жүйесінің өзгеруін талап етіп отыр.

Қазіргі кезде білім сапасын арттыру мен білім реформасы туралы мәселе барлық саясаткерлерді, мектепті, мұғалімдерді толғандырып отыр.

Болып жатқан өзгерістер – бұл бүтіндей жүйе, оқу үрдісін қалыптастырудың өзара байланысы: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар.

Әлем тәжірибесі мектептердегі білім беру  жүйесін өзгерту және мектеп жүйесін өзгерту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деп есептейді. Бұл жаңа педтехнологияларды енгізу және мектеп мұғалімдерін оқытудың жаңа әдістерін жандандыру, педагогикалық біліктілігін арттыруда әртүрлі курстардан өткізу.

Иә, мұғалім рөлі түбегейлі өзгеріп отыр – ол қазіргі заман талабына сай  ақпараттық ағынның координаторы болуы керек. Сондықтан мұғалім заманауи әдістерімен жаңа білімдік технологияларды білуі керек, АКТ қолдануды және соның терминологиясын білуі керек. Заманауи қоғам қазіргі мұғалімдерге үлкен талап қоюда. Олар өз істерінің шеберлері,  құзырлы, шығармашыл, рухани байлығы мол,  жақсы қасиеттерге ие  болуы керек.

Берілген тізімде шеберлік бірінші орында тұруы керек. Егер «Википедияға» көз жүгіртсек, «шеберлік» - бұл әртүрлі жағдайда қиын жұмыстардың шешімін нақты әрі  жүйелі, тиімді тәсілдермен шеше білетін, сенімді адамдар жиынтығы. Ал мұндай мұғалімді қалай өсіру керек? Міне осы сұрақ төңірегінде көптеген білім жүйелері жұмыс істеуде. Кәсіби білімді мұғалімді үйрету үшін кандидаттарды іріктеп алуда тиімді механизмдер жасалуда. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс  жүйесіне  өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білімнің азығы болып отырған – Сингапур,  Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстыра келе, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатындығын көруге болады. Ондағы негізгі  мақсатым дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау болды. Ол үшін  осы жоғарыда айтылған екі елдің және отандастарымның жұмыстарымен танысудан бастадым.

Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт аралығында табысқа қалай жетіп отыр?  Бұл ел білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен?  Сингапурдың мектеп оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді. Білім инфрақұрылымы шағын және экономика құрылымымен өте жақсы интеграцияланған  білім беру институттарының қызмет көрсету сапасы жедел дамып,  дамыған елдердің қатарына қосылды. Білім әлемдік экономикаға бағытталып, табысқа жету мақсатында әлеуметтік және шаруашылық қажеттілікке бейімделе негізделген. Білім саласындағы эксперттер осы елдің оқу жүйесін әлемде жоғары  деп бағалады. Біріншіден, Сингапурдағы  PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан  әлемде алдыңғы қатарлылардың бірінде, сонымен қатар екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан  халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, 2008 жылдан бастап консалтинг компаниясы  Сингапурдың білім жүйесін әлемде  ең тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы бойынша). Білім жүйесінің алдындағы  міндет -елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде жүргізу таңдалды, ол -  ағылшын тілі.  Сингапурдың барлық азаматтарын ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске тиімді.[2]  Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан бастап оқушылар сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр оқушының бейім-қажеттілігіне  қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызуда. Оқушыларға мектепте қосымша спорт, шығармашылық  іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптың  тығыздығы-40 балаға дейін екен, мұғалім сабақты сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді. [2]Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне  қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы  қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Әлемдегі білім беру жүйесіндегі ең үздіктер қатарына Финляндия елі де кіреді.[4]Финдіктер өте еңбекқор, жаңа инновациялық қызметтерге бейімді екені және  олардың бірінші  орынға білім мен кәсіби оқуды қоятындығымен ерекшеленеді.  Оларда үзіліссіз оқу механизмі әзірленген және енгізілген, мұнда кез келген адам қай жаста болмасын оқи береді. Бұл тұжырымдаманы ХХ ғ. 90 ж. Швед профессоры Торстеном Хюсэн ойлап тапқан. Проблемаларды шеше білу қабілетті мен сауаттылығын анықтау үшін Финляндияда болашақ мұғалімдерді бірінші кезеңде тестен өткізеді. Екінші кезеңде мұғалім жұмысына деген қабілеті, білімін, біліктілігін, құзырлығын анықтау мақсатында арнайы әдістемелермен тест өткізеді. Соңғы шешуші кезең  қызметке тұрушы мұғалім қай мектепте жұмыс істегісі келсе, сол мектепте өтеді. Үш кезеңнен өткен мұғалім тұрақты жұмысқа ие болады, жоғары жалақы және педагог тәжірбиесін алады. Мысалы, Филяндияда жақсы айлық төлей отырып, мұғалім мамандығына мықты кадрларды тартқан. Себебі өз мамандығын сүйген мұғалімдер жалақының ақырындап қосылуына қарамастан мектепте қалған. Басқалары басқа жүйеде жұмыс істейтіндердің жалақысы көп болғандықтан білім жүйесінен кетіп отыр. Мектепте білім сапасын қалай көтеруге болады? Ойлай келе, егер мұғалім жалақысы жоғары болса, онда еш мұғалім бастық болуға ұмтылмас немесе ақшаларын қайда жеткізерін білмей бастарын қатырмай, керісінше, өздік білім алып, өз жұмысымен тікелей айналысар еді. Ең бастысы Филяндия тәжірбиесі дәлелдегендей: «Білім саласында тиянақты өзгерістер болса ғана ол жалпы ұлттық құндылық болып қалады». Сонымен қатар Финляндия мемлекетінде білім алу үшін көп жеңілдіктер қарастырылғаны қызықтырады. Көбінде мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасының балаларына назар аударылады.  Финляндиядағы тағы бір ерекшелік бала негізгі орта мектепті бітіргенде емтихан тапсырмауы. Барлық мектептер мемлекет тарапында болады. Мектептердегі білім беру сапасы бірдей, бір – біріне ұқсас. Мектептен кейін оқушылар мамандыққа байланысты гимназия мен кәсіби училищелерде оқуын жалғастырады. Фин еліндегі білім алушылардың тамақтануынан бастап, сабаққа келіп-кету жол шығындары мемлекет мойынында және  медициналық жәрдем, оқулықтардың тегін берілетіндігі одан әрі зерттей түсуге қызықтырды. Ал, мектепті бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатыны ерекшеленеді. Фин елінде мұғалімдердің жылдық табысы 17 мың еуро. Бұндағы қызығушылықты тудыратын нәрсе - елдегі мұғалімдер жалақысының жоғары болуы ғана емес. Мұғалімге деген құрмет ерекше. Жоғары білімділер Финляндияда 40 пайызға дейін жеткен, ал, Қазақстанда жоғары білімділер саны халықтың 35 пайызын құрайды. Финляндияда оқушыларға еркіндік берілген, өздеріне не қызықты болса, сонымен айналысады. Балалар өз ойын толық жеткізуге, талдап, сын айтуға үйренген, ал бізде оқушыларға шектеушілік көп.  Бұл  Фин еліндегі білім берудің барлық тәсілдері ойлауды дамытуға, шығармашылық қабілетті шыңдауға негізделген.Заманауи әлемдер мәдениетті, жан-жақты дамыған, тәрбиелі оқушыны тұлға ретінде өсіру – әрбір елдің оптимальді мәселелерінің бірі болғандықтан , білім беру сапасын, қызығушылықты арттыру үшін әртүрлі амалдар ойлап табуда ,сондықтан әрбір ел бұл мәселені өз қабілеттеріне қарай шешуге тырысады.Финлияндияның білім жүйесінің  біздің елмен ұқсастығы білім алуды балабақшадан басталады,  оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен  тәрбие бірдей берілу керек.Шындығына келетін болсақ Сингапур мен Финляндиядағы білім беру жүйесі біздің білім беру жүйемізден өзгешелеу екені анық. Екі елдің де оқу процесі өте жоғары дамыған. Осы Сингапур мен Финляндия елдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бақылай отырып: осының негізінде біздің елімізге қандай өзгерістер енгізіліп жатыр деген сұрақ туындады. Қазақстан да, жылдан-жылға басқа елдермен қатар білім беру сапасын арттыру бойынша терезесін теңестіріп келеді. Еліміз жыл өткен сайын жаңару үстінде. Ең күрделі және маңызды нәрсе -  бұл білім беру  жүйесінің мазмұнын өзгерту, ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын, түрлі әдіс-әдіс тәсілдерін жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту бұл білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі.  Ал, мұның барлығы жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді оқыту және даярлау мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап етіп отыр. Осы айтылғандардың барлығын жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін - өзі  жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуын  қажет етеді.   Оқушының білімі - мұғалімнің біліктілігі мен білімінің арқасында көтеріледі. Мұғалімдерді осы мақсатта жыл сайын оқу бағдарламасын жаңарту мақсатында жаңа оқу бағдарламасымен таныстыра отырып, енгізіліп  жатқан өзгерістердің оң бағыт беруін көздеу мақсатында  Республикамыздағы ұстаздарымызды "Назарбаев Зияткерлік мектептері"ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы  Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлегенпедагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасы  бойынша  біліктіліктерін арттыру курстарынан өткізіп жалпы орта мектептерде оқыту технологияларына қатысты өзгеріс енгізуге бағытталған жаңа формациядағы ұстаздар еңбек етуде. [1,63 бет] Сонымен қатар 12 жылдық оқу бағдарламасы аясында да бастауыш сынып мұғалімдерін курстардан өткізіп,  2015 жылы 12 жылдық оқу бағдарламасын  жүргізу басты назарда болып отыр. Осының негізінде  бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Еліміздегі жастардың шетелдерде білім алуы да, шетелдегі білім жүйесінің озық екендігінің бірден – бір себебі. Неліктен өзгеру қажет?  Ең бірінші кезекте мен өзім өзгеруім қажет. Нені өзгертуім керек?. Әлемдегі  барлық адамдардың ішінен  тек қана мұғалімдер ғана  үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы  түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріміз арқылы өз балаларымызға  мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан,  өзгеруіміз қажет.  Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз деген педагог ғалым  С. Бич .[4]Себебі ұстаз болу -  адамдық парыз. Мұғалім болу туралы шешім қабылдағаннан кейін,  әлемді өзгерту үдерісін жалпы өзгеріс ету үшін мұғалім болып жатырмыз. Мектепті дұрыс бағытқа қарату үшін, әлем көшінен қалмау үшін  өзгеріп басқаларға үлгі болуымыз керек. Біз құмырсқадай  тынымсыз еңбек етуге жалықпасақ, өзгеріске осы мақсатта жетеміз.   Істеген жұмысымыздың нәтижесін оқушылардың білім сапасынан көреміз. Әлем өзгергендіктен, біз де өзгереміз. Осы өзгерістің арқасында мектебімді де өзгертемін.  Осы болып жатқан өзгерістердің менің мектебім үшін қандай жағымды жақтары бар? Әлем елдерінің атап айтқанда сингапур және финляндияның мектептеріңдегі білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялaрына қатысты кейбір элементтер біздің елде де жаңа бағдарлама негізінде алынған  оқыту мен оқу тәжірибесіне  жаңа әдіс –тәсілдерін енгізу арқылы жүзеге асырылуда.Енді өз  мектебімдегі жақсы бастама деп деңгейлік кусты бітірген мұғaлімдеріміз өз миссаларын орындауда. Жалпы айтқaнда бүгінгі күнде мұғалімдердің көзқарастарында,  сaбақ құрылымында,оқушыларымыздың өзара қарым-қатынастарында өзгерістер байқауға болады. Мұғaлімдеріміз-дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стильден бет бұру, сабaқтарда оқушы-тек тындаушы, орындаушы емес,оның іс әрекетінде ізденіс пайда болды, ал оқушылардың өзара қарым-қатынастары еркін, тәуелсіз, aшық екені байқалады. Біз мектебімізде бірлесіп жұмыс істеу aрқылы мектебіміздің,мұғалімдеріміздің деңгейін көтеріп, оқушыларды дамытуға жағдай жaсай аламыз.Сонымен қатар біздің елімізде де Сингапурда жүргізілетін білім деңгейінің нәтижесін анықтауға арналған (TIMSS) математика және жаратылыстану пәндері бойынша  білім сапасын анықтауға арналған тестілеу әдісі  4 және 8 сыныптарды енізіліп отыр.Осы енгізілген зерттеу жұмыстары еліміздің барлық мектептерін хабардар етіп  экспеременке қатысуда. Жаңа өзгерістер енгізіле отырып өткізілген  сабақтарда оқушылaр бірі –бірімен қарым – қатынас жасай отырып, сабаққа деген қызығушылықтары артады.  Осы өзгерістердің  менің мектебім үшін жағымды жaңалыққа толы екеніне күмән келтірмеймін. Ұйымдастырылатын топтық жұмыстың да оқушылар үшін пайдасы мол. Сабақта  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға байланысты берілген деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқуға деген қызығушылықтары артады.  Оқушы мен мұғалім қарым – қатынасқа түсу барысында оқудың сапасы, сындарлы оқудың негізінде мектепте дарынды және талантты оқушылардың саны, оқуға деген мұғалімдердің көзқарастары  артады.  Мұғалімдер сабаққа қызыға араласып,  қатысып,  ой бөлісіп,  келешекте өздерінің сабақтарын жаңаша тәсілмен жүргізуге ат салысады. Кері байланыс орнатады.  Осы жағдайда мектепте деңгейлі оқуды оқымаған әріптестерімді оқуға тартып, келешекте мектептің барлық мұғалімдері деңгейлі оқудың арқасында мектепке жаңа өзгерістер әкелетініне сенімдімін. Алдaғы жаңа оқу жылында менің мектебімнің де жағдайы көтеріліп, өзгеріс енгізілген жаңа тұлғадағы, сындарлы оқумен қамтылған мектеп болатынына  сенімдімін. Мен де aлла қаласа осы оқуды аяқтап келсем: болашақта мектебімнің  өзгеріске ену жолында  аянбай жұмыс жасаймын. Дәстүрлі оқудан, сындaрлы оқуға көшеміз. Оқушылардың  сыни ойлай білу қабілеттерін қалыптастырамыз. Сабақтарды 7 модульді ықпaлдастыра  отырып өткіземіз. Lesson Study- дің әдіс -  тәсілдерін пайдаланамыз. Мектепте көшбасшылық жасай отырып, ілгері басуына бағыт сілтей отырып  мектебімнің өзгеруін бақылаймын деп ойлаймын. Өзгерістің арқасында жаңа – әдіс тәсілдерді енгіземіз. Енгізілген  өзгерістердің  нәтижесінде жаңа формaциялы мектептің қалпын көремін деп ойлаймын. Қорыта келгенде, мектептің мемлекет алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы қажет. Өйткені жас баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, білім нәрімен сусындатып, өзінің дәстүрінен алшақтатпай, туған тілін, салт-дәстүрін қажетті деңгейде үйрету - басты міндетіміз. Финляндия мен Сингапур 70 жыл ішінде оқу сапасы жөнінен кереметтей жетістіктерге жетсе неге бізге де осы елдердегідей жетістіктерге жетіп, сапалы білім берудегі мақсат, міндеттерді үнемі ұстана отырып зор биік шыңдaрдан көрінбеске.

Раздел: Конспекты уроков по географии для 10 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
учитель географии, СШ.им.С.Сейфуллина п.Бурабай
Размер файлов: 34.86 kB
Дата публикации: 27.11.2014
Количество скачиваний: 7
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Нурушева А. Н. A есебі. Өзгеріс не үшін керек? [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/geo/10-klass/file/1883-otchet-a.html (дата обращения: 03.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Сертификат о публикации. Бесплатно
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.