Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Өрнектер және олардың жазылуы

Включает методическую разработку

Молдабекова Айгүл Рысбек қызы

Математика - информатика пәнінің мұғалімі

«  №2 Ақсуат орта мектебі» КММ

9 сынып. Информатика.

Сабақтың тақырыбы:Өрнектер және олардың жазылуы.

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды  кез келген математикалық өрнекті Паскаль

тілінде, қажетті шарттарды сақтай отырып,жылдам аударып

жаза білуге үйрету

Дамытушылық:Оқушылардың бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу

дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде

жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды  жауапкершілікке,  өзара көмектесуге, бір-бірін

бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың  көрнекілігі:Электронды оқулық,  интерактивті тақта,ActivInspire

бағдарламасы,флипчарттар,тест.

Сабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

«Стандартты функциялар» тақырыбы. (Флипчартта)

Өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақтар:

1.Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?

2.Паскальда қолданылатын арифметикалық амалдар.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Электронды оқулық,флипчарт.

- Өрнек деп арифметикалық  амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың ,функциялардың,тұрақтылардың жиынтығын айтады.Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан,тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін.

Мысалы:(5+7*x)/1.8; (sin(x)+5*cos(2+x))/ln(x) т.б.

Өрнектердің қатесіз жазылуы және оның нәтижесі дұрыс болу үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет: (флипчартты пайдалану)

1.Екі амал қатар жазылмайды (А+-В өрнегі дұрыс жазылмаған,өрнек А+(-В) түрінде жазылу керек).

2.Басымдығы жоғары амалдар алдымен орындалады(мына өрнекте x*y-d/4 алдымен көбейту мен бөлу амалдары,сонан соң азайту амалы орындалады).

3.Егер барлық амалдардың орындалу басымдығы бірдей болса,олар солдан оңға қарай орналасу ретімен біртіндеп орындалады(2/h*j өрнегінде алдымен 2 саны һ-қа  бөлініп,сонан соң нәтижесі j-ға көбейтіледі).

4.Жақшаның ішіндегі амалдар алдымен орындалады((a+b)*(c+d)) өрнегінде көбейту амалы ең соңынан орындалады.

5.Математикалық мағынасы жоқ өрнек жазуға болмайды,мысалы:нөлге бөлу,теріс саннан түбір табу, т.с.с.

6.Паскальда өрнек бір жолға тізбектеліп жазылады.

Мысал:

Математикалық түрі  және  Паскаль тілінде жазылуы

IV.Есептер шығарту.Интерактивті тақтада оқушылар тапсырма орындайды.

№1.Өрнектерді Паскаль тілінің ережесі бойынша жаз.

№2.Паскаль тілінде жазылған төмендегі  өрнектерді математикалық түрде жаз.

а) sqrt(a+b)-sqrt(a-b)  ;       б)  a*b/(c+d)-(c-d)/d*(a+d);

в) a+b/(c+d)-(a+b)/c+d;       г) 1+sqr(cos((x+y)/2)).

№3.Төменде математикалық түрде және Паскаль тілінде жазылған өрнектер келтірілген,осылардың қайсысы бір-біріне эквивалентті?

-Turbo Pascal программасы жұмыс істеп тұрған кезде компьютерді сандық өрнек мәнін тікелей есептеуге қосу үшін CTRL+F4 басу керек.

Мысалы:15+14.2-23+8.7← нәтижесінің экранда көрінуі 14.9.Бұл кезде терілген өрнек пен оның есептелу нәтижесі қосымша терезеден  көрінеді,ал терезені алып тастау үшін ESC пернесі басылады.

Компьютермен жұмыс.

№4. а,в бүтін сандар а=6, в=20 болғандағы өрнекті есепте.

a)     a*10div8

b)    a*bmod4

c)     2+bmod 3

V.Шағын  тест. Оқушылар жанында отырған көршісімен дәптерлерін ауыстырып,тақтадағы тестің жауаптары бойынша бір-бірін тексереді,баға қояды.

10 сұрақтан тұратын тест флипчартта беріледі.

Тестіге қойылатын бағалардың өлшемдері:

5 (өте жақсы) -9-10 дұрыс жауап;

4 (жақсы)-7-8 дұрыс жауап;

3 (қанағаттанарлық)-5-6 дұрыс жауап;

2 (қанағаттанарлықсыз)-5-тен аз дұрыс жауап.

Тест

1. Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?

A) INT (X)               Ә) ABS (X)           Б)  ABC (X)          В) TRUNC (X)

2. Берілген өрнекті есепте: 10div3*5

А)18                       Ә) 15                        Б) 2                     В) дұрыс жауабы жоқ

3. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?

А) 2,8                          Ә) 2                          Б) 5                           В) 11

4. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?

А) SQR (X)                 Ә) SQRT (X)            Б) ABS (X)             В)  MOD (X

5. Қай өрнекте қате бар?

А) (х1/х2)*у        Ә)   b+(a-c/3)         Б)    (sqrt (p)*q)/r         В)  (a(b/(c*(d/(ef)))))

6. Sqr  операторының қызметі

А)  Санның квадраты                                     Ә) Санның квадрат түбірі

Б)   Х-тің 5 дәрежесі                                       В) Санның абсолют шамасы

7. tg x  функциясының  Паскаль тілінде жазылуы

А) TAN (X)           Ә)  TGx

Б)  Arctan (x)            В)   Sin (x) / Cos (x) ;

8. := қандай белгі?

А) теңдік                 Ә) айнымалыларды салыстыру

Б) меншіктеу          В) бөлу.

9.x7  математикалық функциясының Паскаль тілінде дұрыс жазылуын көрсет:

А)exp(x*ln(7)) Ә )sqr(x) Б )sqr(x)+sqr(x)   B)exp(7*ln(x))

10.abs(x) жазуы нені білдіреді?

А) х- тің модулі  Ә) х- тің дәрежесі   Б) абсолюттік шама  В) экспонента

VІ.Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап түрінде :

-Арифметикалық өрнек дегеніміз не?

-Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?

VII.Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма. №4 (г,д), оқулықтан 2.8. тақырыпты оқу

Раздел: Конспекты уроков по информатике для 9 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
учительница информатики, КГУ "Аксуатская средняя школа №2"
Размер файлов: 938.00 kB
Дата публикации: 26.11.2016
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Молдабекова А. Р. Өрнектер және олардың жазылуы [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/informatika/9-klass/file/34763-rnekter-zh-ne-olardy-zhazyluy.html (дата обращения: 04.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Сертификат о публикации. Бесплатно
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.