Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Интернационалист-жауынгерлер

Кештің мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26жыл толған айтулы күнді атап өту.Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу.Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.
Өтетін орны:мектептің акт залы
Көрнекілігі:слайдтар,бейнесюжеттер,кітап көрмесі,сахнаның безендірілуі
Түрі:кездесу кеші
Пәнаралық байланыс:тарих,Қазақстан тарихы.музыка
Кештің жүру барысы:
1-жүргізуші 1978жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуыменде ұзаққа созылды.
2-жүргізуші.1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10жылға жуық соғыс жүргізді.Оған 22мың Қазақстандық қатысты.Соғыс аяқталғанына биылғы жылы 15ақпанда 20жыл толды.
1-жүргізуші.Құрметті кеш қонақтары,мектеп мұғалімдері,оқушылар Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 26 жыл толуына байланысты «Интернационалист-жауынгерлер» атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші.Баяндама.»Қажетсіз соғыстың қасіреті».Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Медеуов Қуандық.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қасірет елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағылардың шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер:КСРО-ның Ауғандағы және төтенше және өкілетті елшісі А.М.Пузанов,лейтенант Л.Н.Горелов арқылы берілді.Ауғандық өкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты.1979 жылы маусымда Орта Азия республикасының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды.Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің,мұсылман ұлты өкілінен,әсіресе барлаушылар,атқыштар,танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып,шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды.Батальон тек қана жаңа техникамен және қару жарақпен жасақталынды.Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды.Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды.Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскер қалашыққа жайғасты.Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне,қару жарақтың бәр түрінен ату,бетпе бет айқасу,жүгіру,мина істерін игеруге дайындалды.Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады,ал кеңестік өкілдер болса ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза отырып,Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады.Ал бұлай хабарлама жіберіп отыру,кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанда Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды.Сол жылдағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға тап болды.Мұсылмандық батальон 10-12қарашада Ташкент,Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді.Барлық офицерлермен,солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді.1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып,оған саяси бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді.Соңғы шешім 16 желтоқсан күні 12-де шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді.16 желтоқсанда 40-шы Армия құрылып,оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты тағайындады.40-шы армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп,Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды.Барлық 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды.Әскерді жасақтау үшін резервтен 50мың аға офицерлер,сержанттар шақырылды.Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді.24 желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды.Оған КСРО Қорғаныс министрі Қ.М Устинов бас штаб Огарковтың қолы қойылды.Онда»Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауған үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды.Кеңес әскерлерін енгізу,оларды елдің оңтүстігіне орналастыру,Ауған демократиялық республикасына достық ниеттегі,Ауған халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында,сонымен қатар кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды»деп айтылды.1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді. Ал бірақ тағы үш жылдам астам уақытқа созылатынын олар білмеді.Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел болды. Бұл әрекет дүние жүзінде Кеңес Одағына деген сенімді әрекет,сөйтіп қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды.Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты,35 мың адам жараланды.Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді.Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ.1979 жылы 25 желтоқсанда басталып,110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты.Оның 780-і соғыста құрбан болды,22-сі із түссіз жоғалды.Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деген сөзді растамасқа болмайды.Отан үшін отқа түс кен боздақтардың өздері жоқ болса да,рухтары қасымызда мәңгі бірге,ұмытпайық!Олар ерлік жасады,бірақ кім үшін? Бұл оқиғалар сөзсіз ерлікпен,қайсарлықтан туған.Ауған соғысына Арқат ауылынан 7адам қатысты.Олар : 1.Темірханов Мағауия
2.Қасымжанов Мәдениет
3.Бармақов Талант
4.Ғарифуллин Сейфолла
5.Каримов Айдар
6.Жұманбаев Асқар
7.Мұсағалиев Қайрат
Б.Момышұлы айтқандай:»Отан үшін отқа түс-күймейсің»,»Айбындылық аспаннан түспейді»,»Анадан ешкім батыр болып тумайды».Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.Ауған соғысының ардагерлерін құрметтейік ағайын!
1.Құттықтау сөз мектеп директоры Б.Тілеубайға беріледі.
2.Әдеби-монтаж. Оқитындар «Ой-сана» орталығының мүшелері.
Жетекшісі:мектеп кітапханашысы Қабдиқызы Айман.
1-оқушы. Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдап жау тиіп,
Бейбіт күнде басталған.
Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болсам көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
2-оқушы. Алысып қас дұшпанмен қасарысқан
Адалдықпен от кешті жас арыстан
Лайық бүгін жылдар жылжып өткен дағы
Жауынгерлер бар құрметпен алғысқа.
3-оқушы. Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,
Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,
Қарайды аға батыр айналаға,
Бойынан лапылдайды жігер қайрат.
Келеді қос жанары отша жанып,

Раздел: Конспекты уроков по истории для 11 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
М.Әуезов атындағы орта мектебі,тарих пәні мұғалімі
Размер файлов: 73.00 kB
Дата публикации: 13.12.2015
Количество скачиваний: 5
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Жунисова А. . Интернационалист-жауынгерлер [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/istoriya/11-klass/file/19822-internatsionalist-zhauyngerler-atty-kesh.html (дата обращения: 03.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Скачать сертификат об участии в конкурсе «Конспект года»— о конкурсе
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Сертификат о публикации. Бесплатно
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.