Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Ғылым мен білімнің дамуы Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары

Сабақ жоспары
Сынып: 7 қазақ.
Пән: Қазақстан тарихы.
Мұғалім: Аралов С.Б.

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХІІ ғасырларда ғылымның даму себептері, көрнекті ғылымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактивті кабинеттегі дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың типі: Топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, талдау, тірек-сызба, тест, сәйкестендіру тесті, семантикалық карта.

Сабақ көрнекілігі: ҚР картасы, әл-Фараби, М.Қашғари, ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауидің портреттері, тірек-сызбалар, мақал-мәтелдер, плакаттар, топтың атауы жазылған қағаздар, топ басшыларының төс белгілері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сынып оқушыларын топқа бөлу.
- Топ басшыларын сайлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап әдісі.

4
3 2 1
5

Мына ұяшықтардағы сұрақтарға жауап бер

6

7
12
8
9 10 11

1. Сырдария аймағында қойға табыну салты өріс алғаны жазба деректерде аңғарылады. Мұндай бейнелер немен байланысты туған? (Зооастралық фарнға)
2. Өздерінің шыққан тегін қоймен байланыстырып, қорғаушы ретінде оған табынатын болған тайпа: (оғыздар)
3. Белгілі бір діни нанымдардың шығу тегін аңмен байланыстыратын табыну белгісі: (Тотем)
4. Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жаулап алуынан бастап ене бастаған дін: (Ислам)
5. 751 ж. Атлах қаласы түбінде болған ұрыста қарлұқтар мен арабтар бірлесіп қай мемлекетке қарсы шықты? (Қытай)
6. Исламды Боғра хан Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні деп қашан жариялады? (960 ж.)
7. Оңтүстік Қаз/н мен Жетісудың Х ғ. қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған араб ғалымы: (Әл-Максиди)
8. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленген. Мұндай жерлеу салты кімдерге тән? (Мұсылмандарға)
9. Құйрықтөбе мен Отырар қалаларын қазған кезде ХІ-ХІІ ғ. жататын үйлерде отқа табыну әдетіне байланысты не табылды? (ошақтар)
10. Х ғ. басында қай әулеттің негізін қалаушы Сатұқ хан ислам дінін қабылдады? (Қарахандар)
11. Ақтөбе қала жұртын қазғанда шарап ашатын орыннан табылған кірпіштерде қаңдай таңба салынған? (христиандық крест)
12. Арабтар көрші елдерді қандай ұранмен жаулап ала бастады? (Дін үшін соғыс)
І. Қызығушылықты ояту.

Мақал-мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым - теңіз, ..... (Білім-қайық).
Ақыл азбайды, ..... (Білім тозбайды).
Тіліңмен жүгірме, ..... (Біліммен жүгір).
Наданмен қос болғанша, ..... (кітаппен дос бол).
Байлықтың кілті - ..... (ғылым).
Ілім - бұлақ ..... (білім шырақ).
Көп оқыған білмейді, ...... (Көп тоқыған біледі).
Оқу - білім азығы, ..... (Білім - ырыс қазығы).
Елдің атын аты шығарар, ..... (Ғалымның атын хаты шығарар).
Білім арзан, ..... (білу қымбат).

ІІ Мағынаны тану.
Талдау әдісі.
- Қосымша материалдарды пайдаланып, әрбір топ берілген тапсырма бойынша презентация жасап, таныстырады.
(Топтар берілген тапсырманы қорғап жатқан кезде, тақта бетінде ғұламалардың суреттері мен олар туралы мәліметтер көрсетіледі).
І-топ «Отырар» Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарға баға беру
ІІ-топ «Сайрам» Тіл білімнің негізін салушы ғұламалар туралы мағлұмат беру
ІІІ-топ «Түркістан» Әдебиет саласының кемеңгерлері туралы баяндау.

ІІІ. Толғаныс.
Тақта бетінде жасырын топшамалар тұрады.

Тест Семантикалық карта Сәйкестендіру тесті

- Әрбір топ өзіне ұнаған топшаманы тандағаннан кейін, тапсырмалар беріледі.

Тест.
1. Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған:
а. Парсы в. Араб с. Түрік д. Иран е. Қыпшақ
2. ІХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, екінші ұстаз, Шығыстың атақты ғалымы:
а. Әл-Бируни в. Әл-Фараби с. Гардизи д. Ибн-Батута е. Ахмет Йасауи
3. ХІ ғ. тілтану ғылымы тарихына үлкен үлес қосқан :
а. Жүсіп Баласағұн в. Ахмет Яссауи с. Қадырғали Жалаири
д. Махмұд Қашқари е. Мұхаммед Хайдар
4. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
а. Әл-Фараби в. Әл-Бируни с. М.Қашғари д. Ж.Баласағұни е. А.Йасауи
5. Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген ғұлама:
а. А.Йассауи в. М.Қашғари с. Ж.Баласағұн
д. Әл-Фараби е. Әл-Бируни
6. Ж.Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:
а. Мырза в. Бек с. Әмір д. Ұлы хас-хажип е. Ғалым
7. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мем/нің кезінде даңқы шыққан ақын:
а. Ж.Баласағұн в. А.Иүгінеки с. Рашид ад-Дин д. Әбілғазы е. Ю.Хамадани
8. Аса көрнекті ойшыл әрі ақын, Қазақстанда мұсылман дінінің сопылық ағымын таратушы:
а. Жүсіп Баласағұн в. Ахмет Яссауи с. Махмұд Қашғари
д. Мұхаммед Хайдар е. Қадырғали Жалайри
9. Ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хәкім ата атанған:
а. Ж.Баласағұн в. Ахмет Яссауи с. Сүлеймен Бақырғани
д. Арыстан баб е. Юсуф Хамадини
10. ХІІІ ғ. басында Оңтүстік Қаз/да мұсылман дінінің кең етек жая бастауына байланысты жарық көрген Әли ақынның поэмасы:
а. «Хусрау-Шырын» в. «Ләйлі-Мәжнүн» с. «Жүсіп-Зылиқа»

Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қояды.

№ Ғұламалар

Туған жылдары 870-950 жж. 973-1050 жж. 1030-1090 жж. 1021-1075 жж. 1103-1167 жж. Шамамен ХІІ ғ.с - ХІІІ ғ.б.
1 Ахмет Иүгнеки +
2 Махмуд Қашғари +
3 Әбу Насыр әл-Фараби +
4 Жүсіп Баласағұни +
5 Ахмет Йассауи +
6 Әл-Бируни +

Сәйкестендіру тесті.
А.
1. Әл-Бируни «Данышпандықтың інжу-маржаны»
2. Махмуд Қашғари «Ақиқат сыйы»
3. Жүсіп Баласағұн «Асыл тастар»
4. Ахмет Иүгнеки «Даналық кітабы»
5. Қожа Ахмет Йассауи «Түрік тілдерінің сөздігі»
6. Әл-Фараби «Құт негізі -білік»

Б.
1. Әл-Бируни Отырар
2. Махмуд Қашғари Сайрам
3. Жүсіп Баласағұн Түркістанға қарасты қыстақ
4. Ахмет Иүгнеки Белгісіз
5. Қожа Ахмет Йассауи Баласағұн
6. Әл-Фараби Қашғари
-Топтан бір оқушы шығып дұрыс жауаптарды тақтаға белгілейді.

Қорытынды.

1. Тірек-сызба.
Ғылымның дамуы.
Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950) Әбу Райхан әл-Бируни
(973-1050)

Логика
Медицина
Ғарышнама
Анатомия
Философия
Заң
Математика
Музыка
Әдебиет Тарих
Математика
География
Астрономия
Медицина

2. Тірек-сызба.
Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Махмуд Қашғари
(1030-1090) Жүсіп Баласағұни
(1021-1075)

Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиянтығы. Тіл тарихы, түрік мекендерінің аталуы, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар. Түрік тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдеп-ғұрып, наным-сенімдерінен мағлұмат береді. Философия, астрономия, алгебра сияқты ғылым салалары қамтылған.

3. Тірек-сызба.
Әдебиеттің көрнекті өкілдері.

Ахмет Иүгнеки Қожа Ахмет Йассауи Сүлеймен Бақырғани Әли ақын

«Ақиқат сыйы» «Данылық кітабы» «Ақырзаман» «Жүсіп - Зылиқа»

Үй тапсырмасы:
1. §20 тақырыпты оқып келу.
2. Сұрақтарға жауап беру.

Бағалау. Топтың басшылары сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға түрлі түсті шеңберлер үлестіреді.

Раздел: Конспекты уроков по истории для 7 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
Соавтор: Хамзин Серикболсын Ерикович
учитель истории Шакатской средней школы
Размер файлов: 80.00 kB
Дата публикации: 04.12.2015
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Аралов С. Б. Ғылым мен білімнің дамуы Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/istoriya/7-klass/file/18732-ylym-men-bilimni-damuy-aza-stan-tarikhy-p-ninen-saba-zhospary-7-synyp.html (дата обращения: 05.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Скачать сертификат об участии в конкурсе «Конспект года»— о конкурсе
Скачать сертификат соавтора
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Рецензия на публикацию учителя
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.