Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Шығармаға жоспар жазу

Сабақтың тақырыбы: Шығармаға жоспар жасау

Мақсаты: Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдана білу, болашақ мамандардың интерактивті білімі мен біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану бойынша біліктілік құзырлылығын көтеру.

Міндеті:
1. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы әдебиет сабағында шығармаға жоспар жасаудың әдіс-тәсілдерін, маңызын ұғындыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, ауызша, жазбаша жүйелеп сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (интеграциялық сабақ)
Сабақтың әдістері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, интерактивтік технологияларды қолдану.

Пәнаралық байланыс: Оқытудың техникалық құралдары.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық.
II. Мақсат қою
Ой қозғау
Халықтың компьютерлік сауатын, оның ішінде түрлі ынталандыру бағдарламалары арқылы арттыру қажет. Мен барлық қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсенді игеруге шақырамын. Бұл қажет.
Н.Ә.Назарбаев

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мұғалімі:
- Сабақты неге Елбасының осы сөзінен бастадық деп ойлайсыңдар?
Президент жолдауының кез-келген мәселесі іске асуы қажет. Сонымен қатар қоғамның барлық саласында ақпарттық технологияның барлық мүмкіндіктерін барынша қолдануда. Ал біз, еліміздің болашағы-мектеп оқушыларына білім береміз, сондықтан біздің міндет салмақтырақ.
Сондықтан, бүгінгі сабақ оқытудың техникалық құралдары пәнімен кіріктіріліп өткізіледі.

Оқытудың техникалық құралдары пәнінің мұғалімі:
- Бүгінгі сабақтың мақсаты әдебиет сабағында ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерін, маңызын ұғындыру.

ІІI. Үй тапсырмасын тексеру
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пінінің мұғалімі:
«Келістіріп оқу мәселелері» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ арқылы білімдерін тексереді.
1. Келістіріп оқуға жаттықтырудың жолдары:
Дара оқыту
Хормен оқыту
Рольмен оқыту

2. Дауыс кідірістері:
Грамматикалық кідіріс - мәтіндегі тыныс белгілеріне тоқталып оқуды айтады.
Логикалық кідіріс - сөйлемнің мағынасына бірден, тез түсіне қалу үшін, ондағы кейбір жеке сөздерді немесе белгілі сөз тізбегін өзге сөздерден бөліңкіреп, нығырақ, ой екпінінің сазын бере кідіріс жасап оқиды.
Психологиялық кідіріс - көркем шығарманың әрбір бөлімін бірінен бірін көңіл күйіне қарай жіктеу үшін қызмет етеді.

Оқытудың техникалық құралдары пәнінің мұғалімі:
Интерактивтік тақтаның көмегімен сөзжұмбақты тиімді дайындауға болатынын түсіндіреді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пінінің мұғалімі:
Әдебиеттің әртүрлі жанрлары бойынша шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларын тексереді.
ІV. Білімдерін жан-жақты тексеру.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пінінің мұғалімі:
«Сүйекшелер тастау» ойыны арқылы «Әдебиеттік шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстар» тақырыбы бойынша білімдерін тексерді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Кіріспе әңгіме
Кинофильмдер
Суреттер

Оқытудың техникалық құралдары пәнінің мұғалімі:
Интерактивті тақтаның көмегімен «Сүйекшелер тастау» ойынының дайындалуын және тиімділігін түсіндіреді.

V. Жаңа сабақ
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пінінің мұғалімі:
- Әдебиет сабағында шығарманың мазмұнын ұғындыру үшін қандай жұмыстар жүргіземіз?
Әдебиеттік шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстар ақын, жазушының өмірбаянын оқып үйрену шығармадағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру шығарманы мәнерлеп оқу
Бүгінгі сабақта осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Шығарманы оқып үйрену үшін жүргізілетін жұмыстардың бірі - шығармаға жоспар жасау.

Мағынаны тану

Лекция әдісімен жаңа сабақты түсіндіреді

5 – 7 сыныптарда әдеби шығармаларды оқып үйренумен байланысты жүргізілетін жұмыстың бір түрі – шығармаға жоспар жасай білу. Оқушыларға шығармаға жоспар жасатып үйрету жұмысы көркем шығарманы оқыту, мазмұнын ұғыну, талдау, ауызша, жазбаша тілін дамыту жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Демек жоспар жасау жұмысы шығарманың тақырыбы мен мазмұнын,сюжеті мен композициясын, идеясын ұғынуға, ойын жүйелеп айтуға, сауатты жазу дағдаларын дамытады.
Жоспардың екі түрі бар жай жоспар және күрделі жоспар. Әдебиетті оқыту әдістемесінде осы екі жоспардың қайсысын қай сыныптан бастап үйрету керек деген пікір бар. Кейбіреулері 5 сыныптарда жай жоспар, 6,7 сыныптарда күрделі жоспар жасату керек дейді. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Мектептегі оқушыларға әдеби шығармаға жай және күрделі жоспар жасауды да 4 сыныптан бастап үйретеді. Егер оқушылардың дағдылары жеткіліксіз болса 8,9 сыныптада үйретуді жалғастыра беруге болады.
Әдеби шығармаға жоспар жасау – күрделі жұмыс. Өйткені ол оқылған шығарманың мазмұнын, оның бөлімдері арасындағы логикалық байланысты түсінуі керек.
Оқушылар бұл жұмыспен бастауыш сыныптарда танысып көлемі шағын мәтіндерді тиісті бөлімдерге бөлуге, әр бөлімге хабарлы, сұраулы сөйлемдерге ат қоя білуге үйреніп, жеңіл түрде жаттығып келеді. Ал біз сол білімдерін әрі қарай, бағдарламаға сәйкес күрделендіріп дамытамыз. Мысалы, 5.6 сыныптарда баяндау түрінде жазылған, көлемі шағын шығармалардың бір бөліміне немесе үзіндісіне ғана жоспар жасап үйренсе, 7 сыныптан бастап суреттеу түріндегі көлемі шағын шығармаларға жоспар жасауды үйренеді. 8 сыныпта төменгі сыныптарда алған білімдері бағдарламаға сәйкес қажеттілігіне қарай қайталанып, пысықталып, дамытылып, бекітіліп отырады. Сөйтіп негізгі мектепті аяқтаған оқушы көркем шығарманың қай түріне болса да, өздігінен жай және күрделі жоспар жасай алатындай дәрежеге жеткізіледі.
Ал енді екі түрлі жоспардың айырмашылығына келсек, жай жоспар жасағанда шығарма негізгі бөлімдерге бөлінеді де, әрқайсысының мазмұнына сәйкес тақырыптар қойылады. Бірақ бөлімдер бұдан әрі қарай тармақтарға бөлінбейді.
Күрделі жоспар жасағанда мәтін мұқият талданып, жай жоспардағыдай негізгі бөлімдерге бөлінеді де, әр бөлім өз ретімен тармақтарға бөлініп кетеді. Егер кейбір бөлімдері тармақтарға бөлуге келмесе, ол сол қалпында қалады. Сондықтан күрделі жоспарын жасау жай жоспарға қарағанда қиын. Ал кез келген шығармаға жөнсіз жоспар жасала бермейді. Мысалы, өлең, жырлар сияқты кіші жанрларға жай жоспар жасаған дұрыс. Кейбір өлең-жырларға жоспар жасамаса да болады, себебі олардың идеялық мазмұнын жоспар құрмай-ақ мәнерлеп оқу, талдау арқылы да түсінуге болады. Ал әңгіме, ертегі, поэма,роман сияқты көлемді, күрделі шығармаларға күрделі жоспар жасаған жөн болады.
Мәтіннің ауыр – жеңіл болуы шығарманың түрі және мазмұндау ерекшелігіне байланысты: мысалы, баяндауға қарағанда, суреттеудің, суреттеуден гөрі мінездеудің, мінездеуден диалогтың жоспарын жасау қиынырақ.

Қолдан
Енді үлгі ретінде кейбір шығармалардың жай және күрделі жоспарын көрсетейін.
6 сыныпта оқулықтың мазмұны ауыз әдебиетінен басталады және ең бірінші шығарма «Қобыланды батыр» эпостық жырынан басталады осы шығарманың жай және күрделі жоспарының үлгісін көрсетейін.
Жай жоспар:
1. Тоқтарбай бай.
2. Қобыландының дүниеге келуі.
3. Қобыландының Қызылбастың еліне аттануы.
4. Қобыландының еліне қайтуы
5. Қазанның хабары
6. Қобыландының Сырлы қала мен Қырлы қаланы бұзуы
7. Қолбанды мен Алшағырдың шайқасы
8. Көп қыпшақтың қуанышы.

Күрделі жоспар:

1. Тоқтарбай бай.
а) Тоқтарбайдың байлығы.
ә) Тоқтарбайдың қайғысы.
2. Қобылындының дүниеге келуі.
а) Қыпшақ елінің тілеуі.
ә) Естемістің Қобыландыны баулуы.
Б) Естемістің әңгімесі
3. Қобыландының Қызылбастың еліне аттануы.
а) Ай астындағы теңгені түсіруі
ә) Құртқаға үйленуі
б) Қызыл ермен айқасуы
4. Қобыландының еліне қайтуы
а) Құртқаның қазыналы жасауы
ә) Көк ала биені таңдауы
5. Қазанның хабары
а) Құртқаның сәлемі
ә) Бурылдың қырық үш күннің кемдігі...
б) Қобыландының жұртымен қоштасуы
6. Қобыландының Сырлы қала мен Қырлы қаланы бұзуы
а) Көбіктінің ашуы
ә) Қобыландының торға түсуі
б) Қарлығаның Қобыландыға ғашықтығы
в) Қарлығаның қулығы
г) Қобыландының Көбіктіні өлтіруі
7. Қолбанды мен Алшағырдың шайқасы
8.Көп қыпшақтың қуанышы.

Тәжірибелік бөлім

1. 6 сынып – «Аяз би» ертегісін оқып, түсіндіру сабағы бойынша үзінді көрсетеді.
2. 5 сынып – Д.Бабатайұлы «О,Ақтанжас, Ақтанжас» өлеңін оқып, түсіндіру сабағы бойынша үзінді көрсетеді.
(Оқушылар осы сабақтарда оқылған шығармаларға жасалған жоспарларды талдайды)
Оқытудың техникалық құралдары пәнінің мұғалімі:
Оқушылардың осы сабақтарда қолданған техникалық әдістеріне баға береді, талдайды. Қажет болса нұсқаулар береді.

Үйде оқуға берілген шығармалар бойынша топтық жұмыс.
1. 6 сынып - Д. Исабеков «Ата үміті» шығармасына жоспар құру.
2. 7 сынып – М. Қабанбаев «Бауыр» шығармасына жоспар жасау.

VI. Жаңа білімдерді меңгеруін тексеру
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мұғалімі:
«Пойыз вагондарын құрастыру» ойыны арақылы
Жоспардың қандай түрлері болады?
Бұл жоспарлардың айырмашылығы неде?
Шығарманың ауыр жеңілі неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап алады.

- Сонымен шығармаларға жоспар жасау жұмысының маңызы неде?
Қорытынды сөз
Қорыта айтар болсақ, шығармаға жоспар жасау – әрі логикалық, әрі стилистикалық жұмыс. Ол оқушылардың ойлау парасатын дамытып, қиялын өрістетуге көмектеседі. Ойын ауызша және жазбаша түрде жүйелеп, желілеп айта, жаза білуге, сөзді, сөйлемді дұрыс құрай білуге, орнымен қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар, көркем шығарма негізінде мазмұндама, шығарма жазуға дағдыландырады.

Оқытудың техникалық құралдары пәнінің мұғалімі:
1. «Пойыз вагондарын құрастыру», «Аңдарға балық аулауға көмектес» ойындарын интерактивтік тақтаның көмегімен дайындау жолдарын, тиімділігін түсіндіреді.
2. Сабақта интерактивтік тақтаның қандай функциялары қолданылғанын сұрайды.
3. Терминдерді анықтайды. «Оқушы портфолиосын» толықтыру.

VII. Сабақты бекіту
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

VIII. Үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау.

1. Әдістемеден «Шығармаға жоспар» тақырыбын оқып, конспект жазамыз.
5,6,7 сынып оқулықтарынан өлең, ертегі, проза жанрлары бойынша жоспар жасау.

Раздел: Конспекты уроков по литературе для 11 класса
Автор:
Преподаватель казахского языка и литературы
Дата публикации: 12.12.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Маханова М. О. Шығармаға жоспар жазу // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/liter/11-klass/file/19757-shy-arma-a-zhospar-zhazu (дата обращения: 25.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию