Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока 10-ға,100-ге көбейту және бөлу

Включает методическую разработку

МАТЕМАТИКА.
Тақырыбы: 10-ға,100-ге көбейту және бөлу
Мақсаты: 340:10, 34х10 ,800:100 ,4х100 түріндегі көбейту мен бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру,көбейту кестесін бекіте түсу
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта түсу;
3. Тақырып бойынша білім беру, логикасын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
• 10-ға,100-ге көбейту және бөлуді меңгерту
• Көбейту мен бөлу кестесін бекітеді;
• Оқушылар логикалық есептерді шығару барысында логикасын дамытады, ой бөліседі, пікір алмасады;
• Жеке, жұппен, топта жұмыс істеуге, бірін бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: «Кім жылдам?» ойыны, Қазақстан картасы, суреттер, кеспелер. Қазақстанның жеті кереметінің суреттері
Әдіс-тәсіл: көрнекілік, түсіндіру,ойын, жарыс, этнопедагогика элементтері.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сынып тазалығы, жеке бас тазалығы.
3. Сабаққа әзірлігі.
Сәлемдесу: Келіңіз, төрлетіңіз
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкенмен
Бас иеміз біз.
ІІ. Өтілген материалды пысықтау.Қызығушылығын ояту.
А) Көбейту кестесін толтыруға әр балаға кеспе таратылады.
Пифагор кестесі бойынша көбейту кестесі қайталанады.
Ә) 9 санына саусақпен көбейту әдісі
9-ға көбейтіп көрейік: санды 9-ға көбейту үшін сол санмен нөмірленген саусақты тауып, сол саусақтың сол жағындағы және оң жағындағы саусақтарды санаймыз. Сол жақтағы саусақ саны көбейтіндінің 1-цифры ондықты көрсетсе, оң жақтағы саусақ саны 2-цифрды – бірлікті білдіреді.
Мысалы, 3 х 9=27. 2 ондық, 7 бірлік.
Сонымен қатар 9- киелі сан екендігін «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы айтып кету. Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Раздел: Конспекты уроков по математике для 3 класса
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
учитель начальных классов
Размер файлов: 20.88 kB
Дата публикации: 06.01.2015
Количество скачиваний: 1
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Оспанова Р. М. 10-ға,100-ге көбейту және бөлу [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/matem/3-klass/file/3554-10-a-100-ge-k-bejtu-zh-ne-b-lu.html (дата обращения: 03.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Сертификат о публикации. Бесплатно
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.