Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Тәрбие сағаты "Тілім менің – тірегім!"

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тілім менің – тірегім!

Тәрбие сағатының мақсаты: Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ат салысуға шақыру. Туған тілін сүюге, тез ойланып, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: әңгімелесу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер т.б.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:

1 – кезең. Таным кезеңі

Ана тілі – адам  болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.

«Тіл туралы тұңғыш Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте жоғары кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілде де қабылданды. Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

(С.Торайғыров)

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім

Ана тілім, туған тілім, бал тілім.

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

(Ш.Айтматов)

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

2 – кезең. Шығармашылық кезең

Мақал - мәтелдерді жалғастырыңдар?

Тіл жүйріктен де ..................... (озады).

Тіл жүйрік емес,..................(ой жүйрік).

Шебердің қолы ортақ,.............(Шешеннің тілі ортақ).

Басқа бәле ....................... (Тілден)

Піл көтермегенді, ................(Тіл көтереді).

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,............ (Тілімнен сүріндірме).

Бал тамған тілден ........... да тамар. (у)

Тілдің көркі – .................... (Сөз)

Ойнап сөйлесең де, .......................... (Ойлап сөйле)

Тілі жеткенше сөйлеген шешен,.............. (Қолы жеткенше нұсқаған көсем)

Өнер алды ......................................................(қызыл тіл)

Тіл тас жарады,...............................................(Тас жармаса, бас жарады)

Тіл қылыштан.................................................( өткір)

3 – кезең. Жырдан шашу

1 – оқушы

Ана тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.

2 – оқушы

Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.

3 – оқушы

Туған тілім- бабам тілім- өз тілім,

Туған тілім- анам тілім- өз тілім,

Туған тілім- далам тілім- өз тілім,

Туған тілім- адам тілім- өз тілім.

4 – оқушы

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

5 – оқушы

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы , ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.

Қорытынды:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Раздел: Конспекты уроков для начальной школы (1 класс)
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
учитель начальных классов в ОСШ №87 г.Караганда Карагандинская область, Республика Казахстан
Размер файлов: 14.27 kB
Дата публикации: 14.05.2015
Количество скачиваний: 16
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Мәнен Г. . Тәрбие сағаты "Тілім менің – тірегім!" [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/nachalnaya-shkola/1-klass/file/10186-t-rbie-sa-aty-tilim-meni-tiregim.html (дата обращения: 10.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Рецензия на публикацию учителя
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.