Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Қабанбай батыр сабақ жоспары

Включает методическую разработку Разработан тест

Бекітемін:

Әдіскер:  Қалиева С.С.

 Мектеп мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттік оқу

Қ.Жұмаділов «Қабанбай батыр»

Мұғалімнің аты-жөні: Амантаева Г.А.

Күні: 09.11.2017   

СЫНЫП:  4 «А»

Қатысқан оқушылар  саны: 

Қатыспаған оқушылар саны: 

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу  

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;  

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу;

Сабақ  нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.         

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастырушылық кезеңі. Амандасу.  Бағалау түрімен таныстыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ер қаруы - бес қару атты видеоролик .

Үй тапсырмасын сұрау:

Тапсырманы орындаған әр балаға смайлик беріп отырамын.

Видеоролик.

Жаңа білім

10 минут

- Батыр деп кімдерді атаймыз?

Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры – Қабанбай батырмен танысамыз.

( – «Сен білесің бе?»).

Ендеше балалар барлығымыз осы туындының авторымен таныс болайық жақ сы ма?

Автор туралы түсінік:

Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.

Өмірбаяны

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы 

10 минут

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқу, тізбектей оқу.

Қабанбай батыр - Ерасыл Қожағұлұлы.

Лақап аты Қаракерей Қабанбай

Туған күні: 1692 жыл

Туған жері: Шығыс Қазақстан, Үржар

Қайтыс болған жылы: 1770

Шайқасы:

Аягөз шайқасы

Шаған шайқасы

Алакөл шайқасы

Аңырақай шайқасы

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Дәптермен жұмыс:

Дарабоз – Қабанбайға Абылай ханның қойған аты.

Дуалы ауыз – айтқаны келетін адам.

Сардар – қолбасшы.

Сөзін жықпау – айтқанын орындау.

Хақ – шындық, анық.

Қопа – қамысты жер.

Жезде – әпкесінің күйеуі.

Балдыз – әйелінің өзінен жасы кіші туысы.

«5 қадам» әдісі. Тақтаға бірнеше оқушылар шығады, барлық оушыларға бірдей сұрақтар қойылады. Кім дұрыс жауап берсе, сол бір қадамға жылжып отырады. 5 қадамды толыө басқан оқушы жеңімпаз атанады.

1. Қабанбай батырдың шың есімі?

2. Неліктен батыр Қабанбай батыр деп аталады?

3. Қабанбай батыр атағын кім берді?

4. Қабанбай батыр қай жерде дүниеге келген?

5. Қабанбай батырды тағы да қалай атаған?

Қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 қадамды толық басып өткен оқушыға «Қылыш беріледі»

 Сабақты бекіту

7  минут

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тақырыптағы жаңа сөздердің барлығы қойылады. Сол сөздердің мағынасын тапқан оқушыға сыйлық беріледі.

Пікір жазу парағы

Тақырыптың соңыңдағы бірнеше сұрақтарға өз пікірлеріңді жазыңдар.

 «Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Белсенді қатысқан оқушыларға бағалар қойылады.

Сабақ ұнаса «Саусағымызды жоғары» ал ұнамаса «төмен» көтереміз.

Кері байланыс кемесі

Үйге тапсырма: әңгімені мазмұндап келу, осыған ұқсас шығармаларды іздестіру.

Раздел: Конспекты уроков для начальной школы (4 класс)
Автор:
студентка 3 курса педагогического колледжа имени М.О.Ауэзова
Дата публикации: 10.02.2018
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Амантаева Г. А. Қабанбай батыр сабақ жоспары // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/nachalnaya-shkola/4-klass/file/54372-abanbaj-batyr-saba-zhospary (дата обращения: 28.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию