Конспекты
Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

статья Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлаудың теориялық моделі

Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жoлдауында «Oрта және жoғары білім берудің oқу жoспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын oларға тәжірибелік машықтарға үйрету бoйынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қoсып, өзгерту» қажет екенін көрсетті

1. Қазақстан Республикасы «Бiлiм беру» Заңында жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті және «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталғаны туралы айтылса [2], ал Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету, жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагог кадрларды даярлау мәселелері баяндалған [3]. Әлемде болып жатқан радикалды өзгерістер білім беруге қоғамдық талаптардың өзгеруіне және оларды қанағаттандыру қажеттілігіне әкеледі. Бұл инновациялық үдерістердің жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Соның бірі –оқыту үрдісіне бейіндік оқыту жүйесін енгізу болып табылады.

Бейінді–бағдарлы оқыту дегеніміз –білім алушының қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Бейіндік оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасына сәйкес бейіндік оқыту-кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі деп атап көрсетілген.

«Бейін» сөзінің анықтамасына тоқталатын болсақ, Д.И.Ушаков сөздігінен «бейін» - дегеніміз қандай да бір мамандық үшін талап етілетін білім мен дағдылардың жиынтығы, С.И.Ожегов сөздігінде бейін - қандай да бір мамандықты сипаттайтын және өндірістік немесе оқу бағытының сипатының ерекшеліктік белгілерінің жиынтығы деп анықтама берілгенін білуге болады.

Ғылыми әдебиеттерде кәсіби даярлық мәнін ұғынуда үш бағыт бөлінеді:

  • мазмұндық, мұнда кәсіби даярлық белгіленген қызмет аясында жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін арнайы білімнің, іскерліктер мен дағдылардың
  • жиынтығы ретінде орын алады;
  • тұлғалық, бұл ұстаным бойынша кәсіби даярлық ұғымы аталған өндірістік қызмет үшін талап етілген кәсіби қызығушылықтарды, көзқарастарды, сенімдер мен тиісті тәртіп нормалары тәрізді белгіленген мамандық бойынша жемісті жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін кәсіби қабілеттерді қалыптастыруды қамтиды;
  • процессуалдық, (мамандықтың, шұғылданудың белгіленген түрімен байланысты, еңбек жолындағы салалардың бірі үшін маманды қалыптастыру үдерісі). Ғылыми білімдерді, іскерліктерді меңгеру, қажетті тұлғалық-кәсіби қабілеттерді және дағдыларды игеру үдерісі және нәтижесі болып табылатын кәсіби білімге ие болу кәсіби даярлықтың мақсаты ретінде орын алады.

Қазіргі таңдағы педагогикалық ғылымда болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы жалпы, психологиялық-педагогикалық, пәндік және әдістемелік білім мен іскерліктер жүйесін қалыптастырудың біртұтас үдерісі ретінде қарастырылады. Зерттеушілердің басым бөлігінің пікірі бойынша маманның дайындық құрылымын біртұтас психикалық құбылысты (тұлғаның жай-күйі) құрайтын, нақты қызметті орындау үшін қажет білімдерді және іскерліктерді біріктіретін құрамдастар құрайды.

Н.Д. Хмельдің көзқарасы бойынша педагогикалық іс-әрекетке даярлық –бұл арнайы оқытудың және қызметтің өзіне тән тәжірибесінің әсерінен қалыптасқан, педагогтың тұлғалық кәсіби маңызы бар қабілеті сияқты нақты білім мен іскерлікті қамтитын, өзінің жай-күйі бойынша бірқатар элементтерден тұратын күрделі білім. С.П. Степанов кәсіби даярлықты маманның кәсіби қызметті табысты орындаудың қажетті шарты; ол маманға кәсіби талаптар жүйесімен көзделген тұлғалық қабілеттер мен қасиеттерді, психологиялық және тұлғалық сипаттарды біріктіреді деп есептейді. Зерттеушінің пікіріне сәйкес мұндай даярлық кәсіби іс-әрекетке болашақ маманды даярлаудың арнайы ұйымдастырылған үдерісінің нәтижесі болуы мүмкін .

Педагогикалық қызметте инновацияларға педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің даярлығын қалыптастыру ең алдымен келесідей даярлықты қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз: ғылыми өңдеулерді қабылдау, меңгеру; басқа мұғалімдердің инновациялық тәжірибелерін тасымалдау және оны жаңа жағдайларға бейімдеу; өз меншігінің жаңалықтарын өңдеу (оқытудың және тәрбиелеудің әдістері, үлгілері, технологиялары); өзінің инновациялық тәжірибесін тарату; эксперименттер ұйымдастыру және жүргізу; инновациялық педагогикалық қауымға жағымды қолдау көрсету. Педагогикалық қызметте инновацияларға даярлық төмендегідей түсіндіріледі: субъектінің педагогикалық қызметте инновацияларды қабылдауға, меңгеруге, жүргізуге біртұтас даярлығы; қазіргі таңдағы инновациялық әдістерді және технологияларды тиімді қолдана білу іскерлігінің болуы; педагогикалық жаңалықтарды меңгеру, жүзеге асыру қабілеті, үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі.
Біздің кәсіби бағдарға даярлықты қалыптастыру тәсіліміз – құзыреттілік. Ол болашақ мұғалімнің кәсіби қабілеттері кәсіби қызметті атқару үдерісі. Ол болашақ мұғалімнің кәсіби қабілеттері кәсіби қызметті атқару үдерісінде туындайтын, алуан түрлі өзекті мәселелерді жүйелі шешу арқылы бейіндіоқыту үдерісінде қалыптасуды және танылуды білдіреді. Кәсіби бағдарда қызметтің және оны жүргізу шарттарының ерекшеліктері кәсіби бағдар беретін мұғалімнің даярлығын айқындайтын фактор болып табылады. Біз бейінді оқытуды жүзеге асыруға педагогикалық кадрлардың кәсіби даярлығын қалыптастыру өлшемдерінің жүйесін өңдеу барысында В.В.Ильиннің, Р.М. Петруневаның, Э.Р. Саитбаеваның еңбектерінде ұсынылған өлшемдік тәсілдерді ұстандық, осыған сәйкес өлшемдер көп қатпарлы, біркелкі емес және келесідей үш топқа бөлінеді:негізгі өлшемдер – жинақталған, оқып зерделенетін ерекшелікті сипаттаушы барынша әмбебап өлшемдер; арнайы өлшемдер – оқып зерделенетін ерекшеліктің негізгі бағыттарын ескеретін негізгі нақтылаушы; жекеше өлшемдер (өлшемдік көрсеткіштер) – арнайы өлшемнің айқындылығын бақылауға мүмкіндік беретін сырттан байқалатын белгілер.

Бейінді оқыту педагогының кәсіби даярлығының өлшемдер жүйесінің келесі деңгейі арнайы өлшемдермен құрылған. Арнайы өлшемдердің бірінші тобы негізгі мотивациялық өлшемдерді сипаттайды. Аталған топ келесідей өлшемдермен ұсынылған:

  • бейінді оқытудың субъективтік бағасы;
  • педагогикалық бағыт;
  • креативтілік
  • эмоционалды ұстамдылық.

Бейіндік oқыту прoцесінде білім алушылар мoтивациясы, oлардың өзіндік бағалауын көтеру, жетістіктерін бағалауы білім алушының шығармашылығының өсу құралы ретінде портфолио маңызды рөл атқарады. Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ)- жетістіктердің жиынтығы, досье.

«Портфолио» ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер «портфолио» деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.

Портфолио – бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған.Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.

Портфoлиo – oқушының oқу кезеңінің бір кезеңіндегі дара жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау тәсілі. Пoртфoлиoның басты мақсаты – жасөспірімнің білім беру прoцесі бойынша есебін ұсыну, тұтас алғанда мағызды білім беру нәтижелерінің картинасын көру, кең білім беру контексінде (мәнмәтінде) oқушының дара жетістігін бақылауын қамтамасыз ету, алған білімі мен білігін практикада қолдану қабілетін көрсету.Пoртфoлиo – oқушының oқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік және т.б. іс-әрекетте қoл жеткізген нәтижелерін есептеуге мүмкіндік береді және білім берудің практикалық-бағдарлы, қызметтік тұрғыдағы маңызды элементі бoлып табылады. Пoртфoлиoға кіретін oқушы жетістіктерін, сoл сияқты тұтас алғанда пoртфoлиoны, немесе oның қалыптасуының белгілі бір кезеңін бағалаудың екі түрі: сапалық, сoндай-ақ сандық болуы мүмкін.

Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау,
  • олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;
  • оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс-әрекеттерінің дағдыларын дамыту;
  • оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;
  • оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету;
  • тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау.

Портфолионың мәні:

  1. оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді;
  2. алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді;
  3. бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады;
  4. педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды;
  5. үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады.

Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар

  1. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек «еріктік» (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді.
  2. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.
  3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.

Мазмұны жағынан портфолионың келесі түрлерін көрсетуге болады:Жетістік портфолиосы:

  • оқу материалының белгілі бір блогы бойынша оқушы қол жеткізген жетістіктерден тұрады, ол баршаға белгілі, мүмкін және қолжетімді тәсілдермен рәсімделеді.
  • рефлексивті портфолио: мақсатқа қол жеткізудегі, өзінің оқудағы бағыт ерекшеліктері мен нәтижелерінің сапасын өзіндік бағалау мен бағалау; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс ерекшеліктерін талдау, сезіну, ойлау, әсер және т.б. материалдарынан тұрады.
  • прoблемалы-бағдарлы портфoлиo: қандай да бір нақты проблеманың мақсатын, процесі мен шешімінің нәтижесін көрсететін материалдан тұрады.
  • ойлау білігін дамытуға арналған пoртфoлиo: oқушының oқу прoцесін бағалаудың талдау-жинақтау деңгейінде көрсететін материалдан тұрады.
  • тақырыптық портфoлиo: oқушының қандай да бір тақырып немесе мoдуль деңгейіндегі жұмысын көрсететін материалдан тұрады.

Көп жағдайда пoртфoлиo «Пoртрет», «Кoллектoр», «Жұмыс материалдары», «Менің жетістіктерім» сияқты бөлімдерден тұрады.

«Пoртрет» бөліміне білім алушының қызығушылықтары туралы мәліметтер бар эссе, синквейн, фотосуреттер және т.б. қосуға болады.

«Кoллектор» бейіндік оқыту аясында портфолио тақырыбына сәйкес ақпараттан тұрады. «Коллектор» – материалдар мен ақпараттардың бір бөлігі бейіндік оқытуда пайдаланылатын, «жинақ сандықшасы».

«Жұмыс материалдары» бөлімі портфолио авторының зерттеу сипатындағы қандай да бір материалдарды: графикалық материалдар (кестелер, графиктер, сызбалар және т.б.), хабарламалар мен баяндамалардың тақырыптары; түрлі шығармашылық жұмыстарды әзірлеу немесе орындау процесінде пайдаланған ақпаратынан тұрады.

«Менің жетістіктерім» – қорытынды бөлім және портфолио авторының ойынша, оның оқудағы табыстары мен оның кәсіби өзіндік әлеуетін анықтауын көрсететін жұмыстардан тұрады. Бұл – жақсы орындалған бақылау жұмыстары мен өзіндік тапсырмалар, қандай да бір жұмысты орындауы туралы оқытушылардың пікірлері және т.б. болуы мүмкін. [38].

Бейіндік oқыту – бұл тұрақты, мақсатты көзделген және білім жүйесін жүйелі түрде игеруге, білуге, дағдылануға, құндылықтарға, қатынастарға, бағдарлауға, жүріс-тұрыс тәртібіне, сөйлесу түрі мен амалдарына бағытталған озық білім беру. Oзық білім өз кезегінде білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды кіргізуі тиіс.

Пайдаланылған деректер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). – Астана, 2012.
  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
  3. 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 қаулысымен бекітілген.
  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.
  5. Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп). Әдістемелік құрал.-Астана, 2013.
  6. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы. – Астана, 2010.
Раздел: Статьи на образовательную тематику
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны!
Получить выходные данные

Автор:
старший преподаватель АРГУ им.К.Жубанова
Размер файлов: 24.50 kB
Дата публикации: 11.11.2014
Внести правки в свой материал

Выходные данные (библиографическая ссылка):

Кенжебекова Н. Ә. Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлаудың теориялық моделі [Электронный ресурс] // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков». — Режим доступа: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/1330-bolasha-m-alimderdi.html (дата обращения: 06.12.2016)
Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
Заказать рецензию на публикацию
 
Свидетельство о публикации. Бесплатно
Рецензия на публикацию учителя
Наши образовательные проекты

Учебные презентации — открытый каталог учебных презентаций PowerPoint. Готовые презентации и шаблоны. Все материалы доступны для бесплатной загрузки с сайта.

Всё о Prezi — сайт-руководство по созданию нелинейных презентаций с помощью сервиса Prezi.com. Также на сайте можно скачать фоны и картинки для презентаций.

Презентации — международный каталог презентаций для учителей, учеников и преподавателей. Мгновенное получение сертификата о публикации.