Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

статья Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметінің тәртібі

Включает методическую разработку

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қалыптасуына, айығуына, мүмкіндіктеріне қарай, білім беру, медициналық, педагогикалық қажетті жағдайларды туғызу ҚР 2002 жылғы 11-шілдеде қабылданған №343 «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық қолдау арқылы түзеу» Заңымен жүзеге асып келеді.   

   Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым Министрінің  2017 жылғы «14» ақпандағы  № 66 бұйрығының  9-қосымшасы «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің  үлгілік қағидалары» бойынша қызмет атқарады.

      Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:

1) көру қабілеті бұзылған;

2) есту қабілеті бұзылған;

3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;

4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;

5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;

6) зерде бұзылыстары бар;

7) психикалық дамуы тежелген;

8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар;

балаларға көрсетеді.

Түзете-дамыта оқытудың мазмұны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке дамыту бағдарламасымен (бұдан әрі - ЖДБ) айқындалады. ЖДБ ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың психофизикалық және сөйлеу тілінің дамуы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді және баланың негізгі даму: сөйлеу тілі, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторикалық және өзіне-өзі қызмет ету аясын қамтиды.

ЖДБ құру үшін баламен түзету жұмысының басым бағыттарын одан әрі анықтау үшін оның психофизикалық жағдайын кешенді тексеруді мамандар (мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед (логопед); педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог) жүргізеді.

ППТК-дегі түзете-дамыту процесін ұйымдастыру «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына  сәйкес ППТК –де түзете-дамыту процессін ұйымдастыру бекітілген Оқу жоспарымен, жекелей түзете-дамыту бағдарламасымен, күнтізбелік жоспармен және сабақтардың кестесімен регламенттеледі.

 ППТК-дегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға
түзете-дамыту тұрғысынан оқытуды ұйымдастырудың формалары жеке немесе шағын топтық және топтық сабақтар, консультативтік сабақтар, қысқа мерзімді топтар болып табылады.

Топтар бір жас шамасы немесе әртүрлі жас шамасы қағидалар бойынша жинақталады. Топтар саны ППТК және түзету-педагогикалық жұмысты жүзеге асыру үшін арнайы жағдайлардың болуымен айқындалады.

Сабақтың ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты:

1) жеке сабақтар – 20-30 минутты;

2) екіден бес жасқа дейінгі мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға арналған топтық сабақтар – 35-40 минутты;

3) мектепке дейінгі ересек бестен жеті жасқа дейінгі және мектеп жасындағы алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған топтық сабақтар – 35 минутты құрайды.

ППТК-де мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, түзету ритмика педагогы, әдіскер қызмет атқарады.

Мұғалім-дефектолог - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жеткіншектерге жеке бас ерекшелігін, жас ерекшелігін, мүмкіншілігін ескере отырып түзете-дамыту жұмысын жүргізеді. Бала дамуындағы ауытқушылықтарды жою мақсатында жекелей және топтық сабақтар өткізеді.

Педагог-психолог – баланың таным қабілетіне диагностикалық зерттеулер жүргізіп, талдау жасайды. Баланың ерік-эмоционалды сферасын, жеке қасиеттерін, таным қабілеттерін дамыту мақсатында жеке дамыту бағдарламасын жасай отырып, түзету сабақтарын жүргізеді. Ата-аналармен және басқа мүшелерімен кеңес өткізеді.

Мұғалім– логопед - жұмысы сөйлеу тілінің күрделі ақауы бар балалар мен жеке және топтық жұмыстар өткізеді. Логопед жаңаша әдістер мен бағдарламаларды пайдалана отырып ауызша, жазбаша сөйлеу дағдысында кемшілігі бар балалармен жұмыс жасайды.

Әлеуметтік педагог – бала тұлғасының дамуы үшін жағдай жасайды, баланың әлеуметтік бейімделуіне кешенді көмек көрсетеді.

Емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы - түзету бағытындағы сабақтар жалпы сауықтыру сипатында болып, кемшіліктерді жоюға, шынықтыруға бағытталған.

    ППТК-і «Оқу жоспарына» байланысты бағдарламалар мен оқу-тәрбие процесіне, балалар демалысына сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр маманның жеке кабинеттері бар.  Кабинеттер   әдістемелік, электрондық оқулықтармен, түзете-дамыта оқытуға арналған ойыншықтар мен,   көрнекі құралдармен жабдықталған.  Кабинетте білікті мамандармен қатар жас мамандар да қызмет атқарады. Барлық мамандар ата-аналардың көңілінен шыға біледі.  Олар сауатты түрде балаларға түзету көмегімен бірге ата-аналарға  арнайы білім берудің мазмұнын да түсіндіріп, ұсыныстар береді. Өздерінің түзете-дамыту сабақтарында қазіргі заманға сай сабақ берудің инновациялық  технологияларын  қолданады.  Мамандар түзету сабақтарында  арттерапиясын, оның ішінде ойын терапиясын, ертегі терапиясын, музыка терапиясын, драма терапиясын, «Монтессори» әдістемесіне байланысты көрнекіліктерді пайдаланады. Әр кезең сайын барлық маман түзету көмегін алған балаларға жеке-жеке мониторинг жасап, нәтижесін қорытындылайды.

         Түзете-дамыту сабақтармен қоса мекемеде тәрбиелік мәні бар ертеңгіліктер, іс-шаралар  жоспарлы түрде өткізіледі.  Ата-аналар балаларымен бірге  қатысады.  Ата-аналар балаларының әрбір сәтті қадамдарына қуанады. Өз балаларының осы кабинеттен алған нәтижесі мен жетістіктеріне аса көңіл бөліп, мамандарға ризашылықтарын білдіреді.

         Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері»

Раздел: Статьи на образовательную тематику
© При использовании материала ссылки на автора и сайт обязательны! Получить выходные данные

 Подпишитесь на рассылку с акциями и новостями сайта. Подписка бесплатна, польза - бесценна!

Автор:
Методист КГУ"Кабинет психолого-педагогической коррекции Курчумского района" УО ВКО
Размер файлов: 21.66 kB
Дата публикации: 12.01.2018
 Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Сакпанова М. Р. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметінің тәртібі // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: http://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/52728-psikhologiyaly-pedagogikaly-t-zeu-kabineti-yzmetini-t-rtibi (дата обращения: 21.01.2018)
  Скачать сертификат о публикации— как получить такой сертификат
  Заказать рецензию на публикацию
 
Другие материалы из этой категории