Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

статья Туған жерім – алтын бесігім

Туған жерім – алтын бесігім.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін,
Бұл даланы анам жаспен суарған.
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы алағаш көріп қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Менің туған жерім –Қазақстан. «Туған жерім сен Ана, аяңда жүрген мен бала». Менің Отаным Қазақстан. Оның жері кең – байтақ. Бұл мемлекет Еуразияның орталығына орналасқан Қазақсанның табиғаты тамаша. Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар, бұл –сирек кездесетін жануарлар мен осімдіктер, пайдалы қазбалар. Астанасы – Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы. Қазақстан көп ұлттық мемлекет. Мұнда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тату өмір сүреді.
Қазақ халқының тарихы өте бай, оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол. Халық туралы білу үшін алдымен тілін тарихын, ұлы адамдарын, мәдениетін , салт –дәстүрін білу керек.Тәрбие басы-тіл; деген
М. Қашқари. «Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде ол тілге деген құрмет. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Тіл туралы заң 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
1991 жыл Қазақстанның егемен ел болып, тәуелсіздікке қолжеткізуіне жол ашты. Бұл көптеген жылдар бойы сарыла күткен тәуелсіздік.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар. Мен өте қуаныштымын, біздің елде әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Мен өз елім, туған жерімнің тарихана тағзым, құрмет көрсетуге әрқашан өз парызым деп білемін. Туған елді, жерді сүю, үлкен жауапкершілік сезіммен өмір сүрген абзал. Бірақ, жер шарының қай жерінде болсаң да ұмытпа, туған жер біреу ғана. Сол алтын бесігіңмен рухани байланыста болсаң ғана сенің өмірің абыройлы болмақ. М. Мақатаев айтқан: « Отан –біреу, ол туған анаң».

Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
/М. Хакімжанова/

Отан дегеніміз адамның туып - өскен жері. Отанды сүйе білсең – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады. Адам - көп жағдайда Отанға сүйіспеншілігіне байланысты. Міне сондықтан менің елімде көптеген ғалымдар, батырлар, ақындар, ғарышкерлер,әншілер бар. Олар тарихта мәңгілік болып , атақ алып ұрпақтан – ұрппаққа үлгі ретінде қалады.
Мен туған жерімді сүйемін.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Адамды жақсылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін даналық сөздер көп және мәңгі есте қалған тарихи тұлғалар да көп. Мен өз еліме, туған жеріме құрмет ретінде айтарым « Ел іші – алтын бесік».
Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болып, табиғатты қасиеттеп, тілді, мәдениетті біліп өссек біз Отанымыздың азаматымыз.
Отанның болашағы жастардың қолында. Үйім, мектебім, орманым, ауылым – барлығы менің жүрегіме қымбатты болып көрінеді. Өз Отанымды мен ешқашан ұмытпаймын. Болашақта үлкен азамат, білімді болуға тырмысамын. Тек қана сонда Республикамызды биікке көтереміз деп ойлаймын «Ұмытылмас Отаным, туған жерім, Қалғанша кеудемде соңғы демім».

Раздел: Статьи на образовательную тематику
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать статью (13.37 kB)
Автор:
ГУ"свободненская СШ"учитель казахского языка и литературы
Дата публикации: 20.02.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

ильгундинова м. н. Туған жерім – алтын бесігім // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/6233-ne-an-zherim (дата обращения: 26.04.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию