конспект урока Дара және күрделі етістік
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі, сұрақтарын, сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге, дара етістікті күрделі етістікке айналдыруға арналған тапсырмаларды орындау; етістіктің зат есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту;
Ә) Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, зейінін, шығармашылық белсенділігін дамыту;
Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,
Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру, ми қозғау, бөшкеден шыққан басқатырғылар
Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима - қағаздар, дидактикалық материалдар.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.
- Балалар, мына өлең жолдарын естеріңе түсіріп, жалғасын айтып жіберіңдерші.
Кімнен тудың?
Нәсілің кім?
Ұлтың кім?
Әлде мен аспанның сұр бұлтымын ба? (Оқушы жалғастырып айтады.)
Бұлт емеспін,
Мен қазақпын - халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын.
- Өте жақсы, сендер болашағы зор, талапты, әдепті қазақ ұрпағысыңдар.
Ендеше сол ұлттарың туралы білетіндеріңді ортаға салыңдаршы.
ҚАЗАҚ: Қазақстан, Елбасы, Шекара, Теңге, Рәміз, Ата заң, Астана.
• Топқа бөлу. 1 – топ – «Қайрат», 2 – топ – «Жүрек», 3 - топ – «Ақыл»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
Лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол – қандай зат есімдер? (Жалқы)
3. Жылы – жылы сөйлесең, не інінен шығады? (Жылан)
4. Жүрді, келді, барады – қандай сөз табы? (Етістік)
5. – лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)
6. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
7. Сынып бөлмесінде кезедесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көркем жазу минуты
• «Артық сөзді тап» ойыны
Шарты: тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді тауып дәлелдеу.
Аспан, шағала, аналар, отырды, орындық.
Себебі, отырды деген сөз етістік, қалғандары зат есімдер.
- Енді, етістіктер туралы не білеміз?
Топтарға топтама жасауға тапсырма беріледі. Жауаптар тыңдалады.
• Тақтада берілген сурет мазмұны бойынша етістіктер тауып, сұрақ қояды және сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау тапсырылады.
• Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс
1 – жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жазады.
• «Не істеді?» тапсырмасы
Сурет бойынша іс – әрекеттермен сәйкестіндіру.
• Шығармашылығымызды шыңдайық:
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.
Сабақтан мен............,
Жаман бала...............
Үлкендерді...............,
Айтқандарын.............
• 2 – жаттығу: Сөйлемдерді оқы. Әр сөйлемдегі етістіктерді сөзжұмбаққа дұрыс орналастырсаң, жыл мезгілінің аты шығады.
• «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» ойыны
1 – Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып оқы:........ биікке көтерілді.
2. Жекеше тұлғадағы зат есімдерді көпше тұлғадағы зат есімдерге айналдыр: қарға, көл, шыбық.
3. Сұраққа етістіктермен жауап бер: Ұқыпсыз бала кітапты қалай ұстайды?
4. Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң
Алға ұсынып тұрады ол.
Ол кім?
Шешуін сөз құрамына талда.
5. Сөздерді етістіктерге айналдыр:
сырт – сырт, сыңғыр – сыңғыр.
ІҮ. Қорытынды – рефлексия кезеңі
• "Кім жылдам?" тапсырмасы
"Қайрат" тобына: "Ақыл" тобына:
жазып отыр салып отыр
жауып тұр айтып қойды
дайындап қойды бөліп алды
"Жүрек" тобына
сөйлеп отыр
құлап қалды
жақындап келеді
• Тіл – өнер
Мақалды толықтырып, орсыша аудармасын табу.
Отан.... басталады. (отбасы - семья)
Туған жерге..... тік (ту - флаг)
Бақа көлінде – патша,
.... суында – патша,
.... елінде – патша. (балық – рыба, адам - человек)
• Суреттің атын атау, сол сөзге қатысты етістіктерді теріп оқу.
• Үйге тапсырма: 3 – жаттығу, 163 – бет
Бағалау.
Бәрекелді балалар,
Бәріңе жақсы баға бар
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін біліңдер.
Сабақты қорыту
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді қазақтың бас ақыны Абай.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Ташметова И. С. Дара және күрделі етістік // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/class-chas/2-klass/file/6423-dara-zh-ne-k-rdeli-etistik (дата обращения: 22.12.2024)- День защитника Отечества
- Классный час по энергосбережению в начальных классах
- Улыбка
- Я в мире, мир во мне
- Восьмое марта – лучший день
- Всякому делу свое время
- 7 санының қасиеті
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 8120 пользователей.
Отзывы