Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект занятия Танымдық мәлімдеме

ЖШС «Салтанат-Эль» балабақшасы.

Мәлімдеме
Таным саласы бойынша балабақшадағы ҰОІӘ-ін бүгінгі күн талабына
сай ұйымдастыру.

2016оқу жылы

Тұлғаның жалпы қалыптасуы мен дамуы ерте балалық шақтағы қарым-қатынастың қалай қалыптасатынына байланысты.Мектепке дейінгі балаларды дамытушылық және тұлға ретіне қарап,оның қызығушылығын,құқықтарын түсінуде және құрметтеуге қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттің әр түрінде баланың рухани адамгершілік, танымдық ақыл-ойының дамуы мен өздігінен дамуын бағдарлайды,ынталандырады және дербестік,шығармашылық қабілеттіліктерінің көрінуіне жағдай жасайды.Жеке тұлғаның құндылығы-әр баланың жеке құндылығы мен қайталанбастығынан көрінеді
«Барлық бала сүйікті-барлық бала бірдей»Қазіргі заман талабына сай оқу тәрбие ұйымдастыру,яғни әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап,жан-жақты дамуын зерттей отырып,тәрбиелеу,оқыту сол баланың ата-анасының және тәрбиешінің қатысуынсыз іске аспайтыны белгілі.Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс.Заман талабы,қоғам жан-жақты тәрбиелі,тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр.Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын мегзесе керек.Өйткені адам баласы қажетті қасиеттердің бәрін мектеп жасына дейін бойына сіңіруге тырысады.Бала әр нәрсеге құмар;айналадағы барлық өзгерісті,табиғат тамшыларын сезініп-тырысып,талпынып,өз құрбыларымен және ересектермен тығыз байланысқа түседі.Ал осы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамытып,өзін танытатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу ата-ана мен тәрбиешінің міндеті.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы-жаманды танып,содан білгені,көргені көп болған адам білімді болады» деген екен Абай атамыз. Баланың өзіне сенімін арттыру,танымдық қабілетін,тілін,денсаулығын, шығармашылығын дамыту мақсатында тәрбиешінің балаға берер тәлім-тәрбиесі тартымды,жан-жақты болуы маңызды.ҰОІӘ-нің мазмұны теориялық-практикалық тәсілі жоғары болған сайын,оқыту мен тәрбиелеу тиімді жүргізіледі.Бала сезіміне,қызығушылығына,ынталылығына әсер ету арқылы,ҰОІӘ-інің кіріспесін таң қалдыру сәтімен, ойын түрінде іске асырудамыз.Мектепалды даярлық тобындағы тәрбие ойын түрінде жүзеге асырылған мен оқытып,үйрету,тәрбие дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшелігі,балалардың жас ерекшелігімен,жалпы даму дәрежесіне тікелей байланысты.Бала күннің шапағын,судың сыбдырын құстың дауысын естіп,сезіп,біліп өсуі қажет.Дана халқымыз баланы ойын өсіреді деп тегін айтпаған.Ұлы педагог Сухамлинский «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың дамуы мүмкін емес»-деген.Ойын түріндегі кеңістіктегі заттардың орналасуы балалардың геометриялық пішіндерді,кеңістікті,уақытты бағдарлауына әсерін тигізеді.Салыстыру арқылы балалардың аңғарымпаздығы,сезімі,тұжырым жасауға бейімділігі байқалады.Теңестіру шамалары санына қарай салыстыруға қолданады.Уақыт өлшемдері;жыл мезгілдері,ай,апта күндері,таңертең,түс,кеш мезгілдерін түсіндіру.Баланың ақыл-ойын жетілдіруде,бала тез шаршап,жалықпайтындай,денсаулығына нұқсан келмейтіндей әдістерін пайдаланамын.Танымдық,шығармашылыққа жету,іздену әрекетінде, сандарды санау,жаңылтпаш айту,санамақ айту,жұмбақ шешу,ребустар шешу дағдыларын қалыптастырып балаларға сұрақ қою, тапсырмаларды орындату арқылы іске асырудамыз.Мысалы; мына қозы мен лақ орманға барып,көпірден өтуге қорқып тұр,өтпейін десе қасқыр жеп қояды,осы лақ пен қозыны көпірден өткізіп жіберу үшін сұрақтарға жауап берейік деп,1-20-ға дейінгі сандарды ретімен тура және кері санату.Осы әдіс-тәсілмен жеке тұлғаны тәрбиелеуде ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға,түрлі дағды,шеберлікті меңгеруге,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды. «Көлеңкесін тап», «Не немен қоректееді» Киелі сандар 3 киелі мен 7-киелі санды ата.3-киеліге Ана тілің,туған жерің,анаң жатады десек,7-киеліге ; 7-ата,7-шелпек,7-қазына,7-рет өлшеп бір кес деген ұғымдарды жатқызамыз.Содан балалар білімді ойын арқылы алады,үлкендерден үйренеді,бала зейініне,ақыл-ойына дүниетанымына әсер етеді,мінез-құлық,ерік-жігерін қалыптастырады,қызығушылығын арттырады.Мысалы;Таным саласы.ҰОІӘ-кет Қоршаған ортамен танысу,Экология негізідері.« Cудың маңызы»тақырыбымен өткізілген іс-әрекетте,балаларға суды қадірлеп,қастерлеуге,ысырап қылмауға түсінік беру,сусыз тіршілік жоқ екенін,таза су табиғаттың баға жетпес сыйы екенін түсіндіре отырып,тиым сөздер үйрету. « Судың да сұрауы бар», «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Судан таза,сүттен ақ» суды қайнағанда,буға айналатынын,суды қатыруға болатыны.Суды сақтауға болатынын,судың түсі болмайтынын,иісі,дәмі болмайтынын,су сұйық,қатты(мұз ),бу түрінде болатынын,қандай ыдысқа құйылса,сол ыдыстың көлеміндей су болатынын,судың қасиеттерін,қоршаған ортаның сусыз тіршілік болмайтынын,суды ластамау керектігін түсініп,меңгере біледі.Жеке іс-әрекеттік тәсіл-баланы алуан түрлі іс-әрекеттер түріне кірістіру мәніндегі өзін жеке тұлға ретінде сезінуге көмектесуді және өзін танытуға мүмкіндік туғызуды білдіреді.ҰОІӘ- барысында баланың ойлауын,қабылдауын,қиялын,есте сақтауын,сөздік қорын дамытатын әр түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар беріп,жұптасып ойнау кезінде,бойында ұяңдығы бар бала мен,қозғалыс белсенділігі бар балалар, ойын,тапсырмаларды қызыға орындағанда,қасындағы ұяң жұптасының да қызығушылығы артады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,баланы шығармашылық ізденіске,әр затқа сын көзбен қарауға үйренеді,өз бетімен жұмыс жасауға баулиды,өзіне деген сенімі,белсенділігі артады.
Соңғы жылдары тәрбиенің түрлі бағыттарын жүзеге асыруда құқықтық тәрбиенің негіздерін түсіндіруді мектепке дейінгі кезеңнен қажеттілігі туып отыр.Топтық іс-әрекеттер«Ережені білейік,аман-есен жүрейік» көшеде жүру ережесін үйрете отырып,белгілерді бояу,тақырыппен сурет салу,жапсыру,үлгіге қарап жұмыс жасауда,баланың өз пікірін қалыптастыруға,қорықпауға,өзгелерді тыңдауды,естуді үйренуге,дұрыс пікірге құрметпен қарауға,күнделікті өмірдегі даулы мәселелерді құқықпен шеше білуге үйретудеміз. Сонымен қатар бастапқы түсінігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырудамыз. «Мен және досым»атты Өзін-өзі тану оқу іс-әрекетінде балаларға өзгелерді тануға,айналаны қоршаған ортамен,өзгелермен де санаса білуге баулу мақсатын көздейді.Рухани-адамгершілікке тәрбиелейді. Балалар –еліміздің бүгіні мен ертеңі.Мемлекетіміздің басты байлығы,әрі тірегі.Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап,танымдық қабілетін дамытып,денсаулығын жақсартып,тіл байлығын молайтып,шығармашылығын жетілдіріп,әлеуметтік өмірін гүлдендіріп,саналы тәрбие мен сапалы білім беру,жан-жақты тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз.

Раздел: Конспекты занятий для детского сада
Автор:
Воспитательница ТОО"Салтанат-Эль"
Дата публикации: 13.03.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Елеусизова Ж. А. Танымдық мәлімдеме // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/detsad/konspekti/file/25022-tanymdy-m-limdeme (дата обращения: 24.11.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию