конспект занятия Жан- жағымыздағы әлем
Музыка залына кіреді.
-Балалар қараңдаршы мынау кімнің іздері қалған?
-Біреу ақсаңдап жүріп өткен сияқты. Мынау іздер қайда апарады екен?
Айболит дәрігерге келеді.
-Айболит дәрігер мынау кімнің іздері сізге әкелген?
Айболит дәрігер қоянның ауырып келгені жайлы айтып кетеді.
-Балалар қоян ауырыңқырап қалыпты екен. Біз де оған көңілімізді бөліп сыйлық жіберейік. Ол біраз қуанып қалсын. Ал қоянға не сыйлауға болады?
-Қараңдаршы мына жерде не жатыр?
-Ол жай сандық емес, ол сиқырлы сандық.Оны сиқырлы сөздермен ашайық.
-Балалар қараңдаршы сандықтың ішінде нелер бар екен?
-Балалар бұл пішіндерден қоянға не жасап беруге болады?
-Ал қоян не жегенді жақсы көреді?
-Сонымен біз сендермен қоянға қандай сыйлық жасайтын болдық?
-Қане балалар біз қазір қолдарымызбен көп жұмыс жасаймыз.Саусақтарымыз шаршамау үшін оларды жаттықтырып алайық.
-Қане онда жұмысқа кірісейік.
Жасаған сыйлықтарын дәрігерге беруге ұсынады.
-Балалар қоян біздің сыйлықтарымызға қуанады деп ойлайсыңдар ма?
-Қане қоян сияқты қуанайықшы.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Хасенова А. Б. Жан- жағымыздағы әлем // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/detsad/konspekti/file/4590-zhan-zha-ymyzda-y-lem (дата обращения: 29.03.2025)- Путешествие на воздушном шаре
- Путешествие по веселой азбучной дорожке
- Конспект НОД по ФЭМП на тему «Случай в осеннем лесу» для детей подготовительной к школе группе
- Путешествие в страну математики
- Три поросенка
- «Морозные узоры для Деда Мороза»
- День России