Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Жарық кванттары

 

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хасанова Анар Елеушқызы. 11-сынып жаратылыстану-математика бағыты бойынша  өткізген ашық сабақтың жоспары.

Сабақтың тақырыбы:  Жарық кванттары тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жарық кванттары, фотондар, фотоэффект, фотоэффект қызыл шекарасы, Лебедевтің жарық қысымын, люменнесценция, рентген сәулесін қайталап есте сақтау, оқушылардың білімдерін тексеру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын электрлік қондыр-ғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзіндік көзқарасын танып, пікір айтуға жаттығу, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік техниканың ережелерін  сақтауға тәрбиелеу.

в) дамытушылық: Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетіл-діру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпазпаздығын, шапшаңдығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, мультимедиялық көрсетілімдер, плакаттағы суреттер, Фотоэффект құбылысына негізделген құралдар.

Сабақтың құрал-жабдығы: Штатив, лейден баскасы, жылу машинасы , сымдар, ток көзі, электрондық құралдар.

Пайдаланған әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, интернеттен сайт: «опыты по физике», «Физика және астрономия», «Физика», «Оқытуда мультимедияны пайданалу» ғылыми әдістемелік журналдары, Рымкевич есептер шығару және күрделі есептер жинағы кітабы т.с.с.

Пән аралық байланыс: астрономия, биофизика, химия, тарих, геометрия, медицина.

Сабақтың түрі: танымдық зерттеу, жобалау сабағы. Қайталау.

Сабақтың типі: өткен сабақты қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдісі: а) жаңаша оқу әдісі.

                       ә) сұрақ-жауап әдісі.

                       б) топ, жеке, жұп, қатармен жұмыс.

                       в) танымдық іс-әрекет

 

                       г) оқушылар жауаптарына талдау жасау.

Раздел: Конспекты уроков по физике для 11 класса
Автор:
Физика пәні мұғалімі, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі
Дата публикации: 10.05.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Хасанова А. Е. Жарық кванттары // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizika/11-klass/file/10014-zhary-kvanttary (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию