Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы

Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы.

         Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

         Мектептердегі білім беру "Robotics" бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие.  Оқушылар алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Үйірмелерде «Lego» роботтары негізінде үйретіледі. Қазір осы робототехника саласын жалпы білім беретін мектептерге енгізу бойынша, әлеуметтік жоба жүргізілмек. Елімізде алғашқы робототехниканы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушыларды оқытса, енді қарапайым мектептерде информатика, физика пәндерінің мұғалімдері робототехника негіздерін үйретеді.

         Робот жасау – әр адамның ойлай білуіне байланысты. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мектептерде робототехниканы үйрету жөнінде үйірмелер ашылуда. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді. Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат – балаларды ғылымға баулу.  

         Мемлекет құру жолында  теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз - бірлікте!

Қараағаш ЖОББМ

Физика және информатика

пәнінің мұғалімі Сальменова М.М.

Раздел: Конспекты уроков по физике для 11 класса
Автор:
учитель физики и информатики, Караагашская СОШ Иртышского района
Дата публикации: 09.03.2018
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Сальменова М. М. Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizika/11-klass/file/55519-robototekhnika-degenimiz-birneshe-p-nni-jlesim-tabuy (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию