Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану

Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар.
«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы – жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - дейді Абай Құнанбаев».
Абайдың бұл пікірі ойынға да толық қатысты. Ұлттық ойындар – ата бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, білудің маңызы зор.
В.А. Сухомлинский ойын туралы былай деген: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жорық іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жеңімпаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Міне, ойын дегеніміз – тыныс кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын физика пәнінде пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау, бекіту, қайталау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Оқушы өзінің ойын дамыта отырып, өзінің пікірін айтуға үйренеді. Халқымыздың ұлттық ойындарын физика сабағында қолданудың оқушылардың ұлттық мақтанышын тәрбиелеуде маңызы зор.
Ойынның түрлері сабақта әр түрлі мақсатта қолданылады. Оның біріншісі – білімділік, ал екіншісі – тәлім – тәрбиелік мақсат.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады. Жаңа сабақты түсіндіргенде ойын элементтерін қолдану, сабақтың тартымды өтуіне ықпалын тигізеді. Өйткені сабақты немесе тарауды қайталағанда оқушы ойында, санасында мықтап бекиді.
Тәлім – тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тарқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын жан – жақты арттыру, ойын қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын, білім деңгейін арттыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге, ұлттық сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1- ойын. «Ортаға түспек»
Тік төртбұрыш сызылады. Бірнеше бөліктерге бөлінеді. Тік төртбұрыштың бір шетінен бастап, әрбір сөздің жауаптарын жаза отырып ортаға жетуі керек.
Жауаптары: Кулон, радиан, сыйымдылық кедергісі, изотермиялық процесс, индуктивтік, кедергі, дифракция.

N
X
Г
Е
R

Р
Ц
бірлігі

Ф
М сынған

а L

r T=const
pV=const
Н и т а ғ ы н ы q=бірлігі

2- ойын «Мәреге жет»
1. Мектептен үйге жету үшін физикалық шамалардың өлшем бірліктерін 1 минут ішінде айтып үлгерулері керек.
2. Жерден Айға ұшып жету үшін латын әріптері арқыл қандай физикалық шаманы белгілейтін айтады.
1.

2.

3- ойын «Шеңберден өтіп шығу»
Ұлттық ойын. Бірінің ішіне бірі орналасқан шеңберлер сызылады. Әр шеңбердің ішіне оқушылар қол ұстасып тұрады. Музыка үнімен бірге барлық шеңбердегі ойыншылар қарама – қарсы жаққа жүріп отырады. Бастаушының белгісі бойынша қолдарын жоғары, төмен түсіреді. Тең ортадағы бала, қолдарын жоғары көтергенде бір шеңберден екіншіге, одан үшіншіге өтіп шығып кетуге тырысады. Барлық шеңберден өтіп шықса, айлашыл ойыншы деп аталады.

Раздел: Конспекты уроков по физике для 7 класса
Автор:
С.Бекбосынов атындағы орта мектебі КММ,физика пәнінің мұғалімі
Дата публикации: 13.12.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Жунусова . А. Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizika/7-klass/file/19818-ltty-ojyn-t-rlerin-fizika-saba-ynda-oldanu (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
Скачать сертификат об участии в конкурсе «Конспект года»— о конкурсе
  Заказать рецензию на публикацию