конспект урока Жылу құбылыстарын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстарын қорытындылау
«Жылу құбылыстары Шық бермес Шығайбайдың үйінде»
Сабақтың мақсаты: а)Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың
алған білімін қортындылау
ә)Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту
б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Пән аралық байланыс: Әдебиет, математика
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, фотосуреттер, ертегі кітап
Сабақтың барысы:
Шығайбай ертегісіне байланысты салынған суреттер жиыны тақтаға рет-ретімен тақтаға ілінеді.
Мысалы:
а) Шығайбайдың үйі .Жақтауынан Алдаркөсе сығалап тұр. Киіз үйдің есігі ашпалы-жаппалы ғып тілінеді. Ішкі жағына қалта желімденіп тиісті сұрақ салынады.
ә)Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр.
б) Қазан-ошақтың басында отырған Шығайбайдың суреті.
в)Қоштасып жатқан Алдаркөсе мен Шығайбайдың суреттері.Қолдарында қарма нан.
г)Ат үстінде тұрған Алдаркөсе мен бай суреті.
Жылу берілудің 3 түрі бар:
• Жылу өткізгіштік-қатты денелердегі молекулалардың тербелісі арқылы ішкі энергияның таралуы.
• Конвекция-сұйықтар мен газдардың ағыны арқылы ішкі энергияның тасымалдануы.
• Сәуле шығару-дененің сәуле шығару арқылы ішкі энергиясының өзгеруі
Енді оқушылардан Шық бермес Шығайбай ертегісінің мазмұны сұралады.
Міне, балалар, бүгін біз күндегі сабақтан ерекше сабақ саяхат сабағын өткізгелі отырмыз. Шығайбай үйіне саяхат жасап көрелікші.Жылу құбылыстарын Шығайбай үйінен де іздеп табуға болады екен.
Қане, балалар Шық бермес Шығайбай ертегісі қалай басталады?
1) Ертегіні бастаған оқушы жабықтан сығалаған Алдаркөсемен бірге киіз үйдің есігін ашып ішіндегі қалтадан сұрақты алып, жауап береді.
а) Ауылы Шығайбайдың жотада екен
Басқұры байекемнің ноқа ма екен?
Туылдырық шиімен сәйкес келіп
Уығын киізбенен жапқан екен.
Неліктен?
ә) Жаз айларында ыстық кезде, неліктен киіз үйдің туырлығын орта белден
түріп қойған? (Конвенция құбылысы).
2) Киіз үйдің ішінде жұмыс істеп отырған бай, бәйбішесі,тоқалы, қызының суреті.Бай қазы айналдырып отыр, бәйбішесі нан илеп, қызы қаздың жүнін жұлып, тоқалы қойдың басын тазалап отыр. Қандай физикалық құбылыстарды кездестіресіңдер?
( Шығайбайдың үй-ішіндегі адамдар жұмыс істеп отыр. Олардың ішкі энергиясы артады, терлейді. Демек ішкі энергияны жұмыс істеу арқылы өзгертуге болады)
1слайд бойынша сұрақ:
Шығайбай от басында қалғып отыр
Алдар көсе көз жұмып аңдып отыр.
Қызуы шым тезектің екі жанға
Қандай тәсіл-түрменен жетіп отыр.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Жунусова . А. Жылу құбылыстарын қорытындылау // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizika/8-klass/file/19816-zhylu-bylystaryn-orytyndylau (дата обращения: 22.12.2024)- Опыт Эрстеда. Магнитное поле тока. Электромагнит
- Работа и мощность тока
- Сравнение количеств теплоты при смешивании воды разной температуры
- Строение атома
- Кипение
- Температура.Температураны өлшеу тәсілдері
- Тепловые явления. Расчёт массы льда для охлаждения сока
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 4076 пользователей.
Отзывы