конспект урока Асық ату – ұлттық ойын арқылы оқушылардың ептілігін, мергендігін және ұлттық құндылықтарға қызығушылығын дамыту
Кіріспе
Асық ату – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан ұлттық ойындарының
бірі. Бұл ойын тек қана көңіл көтеру құралы емес, сонымен қатар балаларды
ептілікке, дәлдікке, сабырлылыққа, әділдікке және ұлттық салт-дәстүрді
құрметтеуге тәрбиелейді. Қазіргі заманда ұлттық ойындарды жаңғыртып, білім
беру мен тәрбие үдерісіне енгізу – маңызды міндеттердің бірі.
Осы авторлық жұмыстың мақсаты – асық ату ойынын заманауи талаптарға сай
ұйымдастырып, оны оқу-тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдарын ұсыну.
Жобаның мақсаты
Оқушылар арасында асық ату ұлттық ойынын насихаттау арқылы олардың
физикалық қабілеттерін дамыту және ұлттық мәдениетке деген
қызығушылығын арттыру.
Міндеттері
Асық ату ойынының тарихы мен ережесін түсіндіру;
Оқушылардың мергендігін, қол моторикасын және көз дәлдігін дамыту;
Ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру;
Топпен жұмыс істеу, әділ бәсекеге тәрбиелеу;
Бос уақытты тиімді пайдалануға бағыттау.
Зерттеу нысаны
Бастауыш және орта сынып оқушыларының асық ату ойынына қатысуы.
Зерттеу пәні
Ұлттық ойын арқылы оқушылардың физикалық және танымдық қабілеттерін
дамыту.
Асық ату ойынының қысқаша тарихы
Асық – қой, ешкі, арқар сияқты малдың тілерсегінен алынатын сүйек. Қазақ
халқы асықты ерте заманнан қасиетті, киелі деп санаған. Асық ату ойындары
балалар арасында кең тараған және әр аймақта әртүрлі ережемен ойналған.
Асық ойынының пайда болуы. Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу
кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі
тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік
құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы
дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында қолданылады. Асық - қазақтың ерте
заманнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан
басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Жолаушы адамның
жолдан аман оралуына асық үйірген. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің
асығын іледі. Бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса,
бесігіне еліктің асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін депырымдағаны. Келіні құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Акпанбаев Д. К. Асық ату – ұлттық ойын арқылы оқушылардың ептілігін, мергендігін және ұлттық құндылықтарға қызығушылығын дамыту // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/fizkultura/6-klass/file/133754-asy-atu-ltty-ojyn-ar-yly-o-ushylardy-eptiligin-mergendigin-zh-ne-ltty-ndyly-tar-a-yzy-ushyly-yn-damytu (дата обращения: 17.03.2026)Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 1426 пользователей.
Отзывы
