Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Менің отбасым

Разработан тест

Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты: Отбасының маңыздылығы туралы наным қалыптастыру, «отбасы» және «бақытты отбасы» ұғымын терең түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: «Отбасы» және «Бақытты отбасының» ерекшеліктерін айқындай отыра білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Тақырыпты толық түсінуге баулу , еске сақтау, сөйлеу танымдық іс –әрекеттерін ұлғайту, оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ыңғайлы жағдай турдыру және танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Отбасындағы үлкендерін сыйлауға, құрметтеуге және өз орталарында бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімелеу т.б.
Сабақтың барысы
«Біз бақытты отбасымыз» атты ән ойнап тұрады.
Ұйымдастыру
Арайлы атқан таңыңмен.
Шұғыла шашқан күніңмен.
Шұңғылап бақта ән салып,
оятты бұлбұл әнімен. (слайд 1)
Балалар, бүгін сіздер өте әдемісіздер. Мен сіздердің әдемі жүздеріңізден қуаныш көріп, өзімде қуанып тұрмын.
Шаттық шеңбері
Кәнеки балалар, бәріміз шеңберге тұрып бір-бірімізге қарап жылы сөздермен лебіздерімізді әр тілде білдірейік. (Балалар бір - біріне қарап тілектерін әр тілде айтады.)
Мұғалімнің сөзі
Мұғалім:
«Біздің шаңырақ»
Атамнан басталар
Әжемнен қосталар
Отбасы мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін
- Бүгін сіздермен біз ........., не жайлы өтеміз білесіздер ма?, ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын табады.(слайд 2)
- Дұрыс, бүгінгі тақырып «Отбасы» деп талады.
- Сіздер «отбасы» деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Адамға не үшін отбасы керек?
- Қандай отбасыны біз «бақытты отбасы»- дей аламыз? Балалар осы сұрақ төңірегінде жауап береді (слайды 3,4)
Мұғалім: Шынында да, ең жақын да, ең қымбатта, ең асылда, ең сүйкімді де жандар әке мен ана, әпке мен сіңілі, аға мен іні, ата мен әже яғни сіздердің отбасыларыңыз. Олар сіздердің сенімді де, адал достарыңыз. Сіздер қиналсаңыздар да, қуансаңыздар да тек сіздермен болатында отбасы. Ауырғанда жанына ем болып, тамақтандыратын жігерлендіретінде , еркелетіп "ботақаным" дейтін де ол отбасы.
Сіздерге қажетті кеңес береді. Солай емес па? Естеріңізге түсіріңіздер: Сіздердің дене қызуларыңыз болып ауырып жатқанда тек сені түсінетін, саған қамқор болатын, дәрі беретін, сіздерге жылы сөз арнайтын анаң мен әжең болады. Анаң мен әженің жылы сөздерін естігенде аурудан айығып кетердей сезінесін.
Айтыңдаршы, аналарыңыздан қандай жыл сөздер мен еркелетулер естідіңіздер? (балалар жауап береді) Осындай жылы сөздер мен еркелетулер естігенде жанын жадырап қоя беретіні қандай десеңізші.
Ал егер сіздің үйіңізде мереке болса? Отбасыларыңыздағы ең сүйікті мерекелеріңіз қандай? (балалар жауап берді). Сіздер оған қалай дайындаласыздар айтып беріңіздерші? (слайд 5)
Ойын «Ассоциация» (слайд 6)
- Көздеріңізді жұмып "отбасы"сөзін іштей қайталаңыз.
- Отбасы сөзіннен қандай ассоциация туындады сіздерге? (балалар жауап береді.)
- Балалар, барлық отбасы мүшелері бірге болған өте бақытты шақ десем келісесіздер ма? Бүгінгі тақырыпқа байланысты эпиграфты оқып, " Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың." (Даже если трижды мать на себе в Мекку перевезешь - с долгом перед ней не рассчитаешься.) мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер. (слайд7)
Мұғалім: Қазақ халқы бекер айтпаған: «Отан отбасынан басталады» Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы. (слайд 8)
-Отбасы дегеніміз не? (Балалардың жауаптары) (слайд 9)

Раздел: Конспекты уроков по английскому и другим иностранным языкам для 4 класса
Автор:
Учитель казахского языка и литературы КГУ "СОШ №82"
Дата публикации: 20.02.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Балабекова А. Т. Менің отбасым // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/in-yaz/4-klass/file/23882-meni-otbasym (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию