Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Морфологиялық талдау

Морфологиялық талдау

Етістік.
1. Сөз табы ( часть речи ) . Жалпы мағынасы ( значение слова )
2.Морфологиялық белгілері. ( Морфологические признаки )

Бастапқы тұлғасы / тұйық түрі , у- жұрнағы арқылы жасалады/
Начальная ( неопределенная ) форма.

Тұрақты белгілері (Постоянные признаки )

а/ Тұлғасына қарай (По способу образования)
Негізгі ( непройзводные) , Туынды ( пройзводные )

ә / Мағынасына қарай ( По значению)
Негізгі ( Основные ) , Көмекші ( вспомогательные)

б/ Құрамына қарай ( По составу)
Дара ( Простые) , Күрделі ( Сложные)

в / Объектіге қатынасына қарай ( По отношению к объекту)
Салт ( Непереходные ) , Сабақты ( Переходные , треб. В.п..)

г/ Іс-әрекеттің орындалуына қарай( По отношению к результату действия)
Болымды (Положительные) , Болымсыз ( Отрицательные)

Тұрақсыз белгілері ( Непостоянные признаки)
а ) шақтары ( время глагола)
ә ) райлары ( наклонение)
б) септелуі ( падеж , только в неопр. форме )
в) жіктелуі ( личное окончание)
г) көптелуі ( число )
3. Синтаксистік қызметі ( Синтаксическая служба)

Талдау үлгісі :
Оқушы сыныпты тазартқысы келді .
Тазартқысы келді - етістік , іс- әрекеттің атауы
Бастапқы тұлғасы - тазарту ( Не істеу ?)
Тұрақты белгісі : туынды , негізгі , күрделі , сабақты , болымды.
Тұрақсыз белгілері : өткен шақ , қалау рай , ІІІ жақ , жекеше түрде тәуелденіп , баяндауыш қызметін атқарып тұр

Морфологиялық талдау

Зат есім .

1. Сөз табы ( часть речи ) . Жалпы мағынасы (Значение слова)

2.Морфологиялық белгілері ( Морфологические признаки )

Бастапқы тұлғасы ( Атау септігіндегі , жекеше түрі )
Начальная форма ( Им . падеж , ед. ч.)

Тұрақты белгілері ( Постоянные признаки )

а) Мағынасына қарай ( По значению)
Жалқы есім және жалпы есім ( собственное или нарицательное имя)

ә ) Құрамына қарай ( По составу)
Дара және күрделі ( простое или сложное имя существительное )

б ) Тұлғасына қарай ( По способу образования )
Негізгі ( Непройзводные) , туынды ( пройзводные )

в ) Деректі және дерексіз ( видимые предметы и абстрактные понятия)

Тұрақсыз белгілері ( непостоянные признаки )

а ) көптелуі
ә ) септелуі
б ) тәуелденуі
в ) жіктелуі

3.Синтаксистік қызметі ( синтаксическая служба)

Талдау үлгісі :

Астанадан ағаларым келді .
Ағаларым - зат есім , туыс адамның атауы
Бастапқы тұлғасы - Аға ( кім ?)
Тұрақты белгісі : жалпы, дара , негізгі , деректі.
Тұрақсыз белгісі : кімдер ? деген сұраққа жауап беріп , І жақ , көпше түрінде тәуелденіп тұр. Сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұр .

Морфологиялық талдау

Сын есім .

1. Сөз табы ( часть речи) . Жалпы мағынасы ( значение слова )

2.Морфологиялық белгілері ( морфологические признаки )

Бастапқы тұлғасы ( негізгі с. есім ) Начальная форма (основа прилаг.)

Тұрақты белгілері ( постоянные признаки)

а ) Құрамына қарай ( По составу)
Дара ( простые ) , күрделі ( сложные )

ә ) Жасалуына қарай ( по способу образования)
Сапалық ( качественные), қатыстық ( относительные )

б ) Шырайына қарай ( по степени сравнения )
Жай шырай ( простая степень), салыстырмалы шырай ( сравн. ст.),
Күшейтпелі шырай , асырмалы шырай - ( превосходная .ст.)

Тұрақсыз белгілері ( Непостоянные признаки )

а ) жіктелуі ( лицо , число , если сын есім в предл. явл-ся сказуемым)

3. Синтаксистік қызметі ( Синтаксическая роль)

Талдау үлгісі :

Әлібек Нұртайұлы - аса құрметті адам .
Құрметті - сын есім , адамды сыйлау дегенді білдіреді.
Бастапқы тұлғасы - құметті ( Қандай ?)

Тұрақты белгілері : дара , қатыстық , асырмалы шырай ,
Тұрақсыз белгілері: ІІІ жақ , жекеше түрі ,
сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Морфологиялық талдау
Сан есім .
1. Сөз табы ( часть речи) . Жалпы мағынасы ( значение слова)
2. Морфологиялық белгілері ( Морфологические признаки)
Бастапқы тұлғасы ( Основа числительного)

Тұрақты белгілері ( Постоянные признаки)

а ) Тұлғасына қарай ( По способу образования)
Негізгі ( Непройзводные) , Туынды ( Пройзводные)

ә ) Құрамына қарай ( По составу )
Дара ( Простые) , Күрделі ( Сложные)

б ) Мағынасына қарай ( По значению)
1.Есептік ( Количественные)
2.Реттік ( Порядковые )
3.Жинақтық ( Собирательные)
4. Топтау ( Разделительные)
5.Болжалдық ( Предположительные)
6.Бөлшектік ( Дробные)
Тұрақсыз белгілері ( непостоянные признаки )

А ) Септелуі ( падеж , у количественых числительных)
ә ) Жіктелуі ( личное окончание , у колич. числительных , или когда
числительное является сказуемым)

б) тәуелденуі ( окончание принадлежности у количественных числительных)

в) көптелуі ( число , у количественных числительных )
3.Синтаксистік қызметі ( Синтаксическая роль )
Талдау үлгісі :

Тапсырма он бесінші бетте берілген .

Он бесінші – сан есім , реттік сан есім.

Бастапқы тұлғасы - он бес ( Неше ?)

Тұрақты белгілері : туынды , күрделі ,реттік .

Тұрақсыз белгілері : ж.с.

Сөйлемде анықтауыш болып тұр.
Морфологиялық талдау

Есімше.

1.Сөз табы ( Часть речи) . Сөз мағынасы ( значение слова)

2. Морфологиялық белгілері ( Морфологические признаки)

Бастапқы тұлғасы - түбір етістік ( начальная форма - основа глагола)

Тұрақты белгілері ( Постоянные признаки )

А ) Өткен шақ ( Пр.вр.)
– ған / ген, -қан/ -кен жұрнақтары арқылы жасалады.
ә ) Келер шақ ( буд. вр.)
–ар /-ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалған
б) Дағдылы ( обычное)
-атын/ -етін, -йтын /-итін,-ушы/- уші жұрнақтары арқылы жасалған.
в ) Мақсат ( Цели )
-мақ / мек , -бақ /бек , пақ /пек жұрнақтары арқылы жасалады .

Тұрақсыз белгілері ( непостоянные признаки )

А ) көптелуі ( число )
ә) септелуі ( падеж)
б) жіктелуі ( личное окончание)
в) тәуелденуі ( окончание принадлежности)

3. Сөйлемдегі қызметі ( Синтаксическая роль)
( Есімше есімдер ретінде анықтауыш бола береді , және басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.)

Талдау үлгісі :

Сенің келгеніңді естідім .
Келгеніңді - есімше , адамның бір жерге аяғымен жеткенін білдіреді .

Бастапқы тұлғасы : келген (Не істеген ?) , кел - түбір ет. + ген -жұрнақ

Тұрақты белгілері : откен шақ

Тұрақсыз белгілері : тәуелдік жалғау - ІІ жақ , (ж.т.) , табыс септік.

Сөйлемде толықтауыш болып тұр .

Морфологилық талдау
Көсемше .
1. Сөз табы ( часть речи ) . Жалпы мғынасы ( значение слова)
2.Морфологиялық белгілері ( Морфологические признаки)

Бастапқы тұлғасы ( начальная форма)
Тұрақты белгілері ( Постоянные признаки)
а) Өткен шақ / прош. время
(-ып, -іп - -п жұрнақтары арқылы жасалады)
ә) Ауыспалы шақ / переходное время
( - а , - е , -й жұрнақтары арқылы жасалады)

б) Мақсат / цели
( -ғалы/гелі, қалы/келі жұрнақтары арқылы жасалады)

в) Мезгіл / времени
(-ғанша / генше, қаша /кенше жұрнақтары арқылы жасалады)

г) Шарт / условия
( - майыншы / - мейінші жұрнақтары арқылы жасалады. )

Тұрақсыз белгілері ( Непостоянные признаки)

а) Жіктелуі
( ғалы /- гелі жұрнақтарынан жасалған көсемшеден басқалары)

3.Сөйлемдегі қызметі ( Синтаксическая роль)
Көсемше бастауыш бола алмайды.

Талдау үлгісі :
Ауылға барамын десең , мені ала кет .

Барамын - көсемше , жүрем дегенді білдіріп тұр .

Бастапқы тұлғасы - бар (түбір ет.) + а (жұрнақ) + (- мын жж.)
Тұрақты белгілері : ауыспалы келер шақ
Тұрақсыз белгілері : жіктелуі (І ж, ж.т. )
Сөйлемде баяндауыш болып тұр.
Морфологиялық талдау
Устеу .
1.Сөз табы ( часть речи) . Жалпы мағынасы ( значение слова)
2.Морфологиялық белгілері ( морфологические признаки)

Бастапқы тұлғасы ( основа слова)

Тұрақты белгілері ( постоянные признаки)

а) Тұлғасына қарай ( по способу образования)
Негізгі ( непройзводные), туынды ( пройзводные )

ә) құрамына қарай ( по составу)
Дара ( простые) , күрделі ( сложные )

б) Мағынасына қарай ( по значению)

1. Мезгіл ( времени )
2. Мекен ( места)
3. Мөлшер ( количества и меры)
4. Сын –бейне ( образа и способа действия)
5. Күшейту ( усилительные)
6. Мақсат ( цели)
7. Себеп –салдар ( причины и следствия)
8. Топтау ( разделительности)

Тұрақсыз белгілері жоқ ( непостоянных признаков нет)

3. Синтаксистік қызметі ( Синтаксическая роль)
( көбінесе пысықтауыш болады)

Талдау үлгісі :

Кітапхана жоғарғы қабатта орналасқан .
Жоғарғы - үстеу , заттың орналақан бағытын білдіретін сөз .
Бастапқы тұлғасы - жоғары ( қалай ?)
Тұрақты белгілері : неігізгі, дара ,мекен үстеу
Сөйлемде анықтауыш болып тұр .

Морфологиялық талдау

Есімдік .
1.Сөз табы ( Часть речи ). Жалпы мағынасы ( значение слова )
2.Морфологиялық белгілері ( морфологические признаки )
Бастапқы тұлғасы ( начальная форма)

Тұрақты белгілері ( постоянные признаки )

а) Тұлғасына қарай ( по способу образования )
Негізгі ( непроизводные) , Туынды ( производные)

ә) Құрамына қарай ( По составу )
Дара ( простые), Күрделі ( сложные )

б) Мағынасына қарай ( по значению )

1. Жіктеу ( личные)
2 . Сілтеу ( указательные)
3. Сұрау ( вопросительные)
4. Өздік ( вовратные)
5. Болымсыздық ( отрицательные)
6. Белгісіздік ( неопределенные)
7. Жалпылау ( определительные)

Тұрақсыз белгілері ( непостоянные признаки )

А) септелуі ( падеж)
ә) көптелуі
б) тәуелденуі

3. Синтаксистік қызметі ( синтаксическая роль )

Талдау үлгісі :

Өзіңді өзгеден жоғары санама .
өзіңді өзгеден - есімдік , « бір адам басқа адамнан» деген мағынаны білдіреді .
Бастапқы тұлғасы - өз ( кім ?) + ің ( т. ж.) + с.ж ( т.с.)

Тұрақты белгілері : туынды , күрделі ,өздік .
Тұрақсыз белгілері : септік жалғау ( т.с. ) , тәуелдік жалғау ( ІІ жақ . жекеше түр)і
Сөйлемде толықтауыш болып тұр .

 

Раздел: Конспекты уроков по английскому и другим иностранным языкам для 5 класса
Автор:
Шортандинская средняя школа №1 учитель казахского языка и литературы
Дата публикации: 02.04.2015
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Кулекина А. Ш. Морфологиялық талдау // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/in-yaz/5-klass/file/8162-morfologiyaly-taldau (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию