конспект урока Түрлі түсті бояумен сурет салу
Сабақтың мақсаты:
- Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, оқушыларға түс, кескіндеме (живопись) өнері туралы түсінік беру.
- Дамытушылығы: Жас жеткіншектерге жылы түсті суық түсті ажырата білуіне, негізгі және қосымша түстердің ажырата білуіне ықпал ету.
- Тәрбиелілігі: Оқушыларды суреткерлікке, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі(типі) Аралас сабақ.
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:
Интерак. тақта(слайд), көркем шығармалар, ұлы суретшілер шығармалары, плакаттар.
Кезеңдер бойынша суретті орындау тәсілінің сызбасы. Түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
1) Білімділік міндеттері:
А) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
Ә) Оқушыларды қарым - қатынасқа психологиялық дайындау.
2) Кезеңінің мазмұны:
А) Сәлемдесу.
Ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Б) Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.
В) Сынып тазалығына көңіл аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- үйге берілген суретті тексеріп бағалау. Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету, мадақтау.
- Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп, қателеспеуге үйрету.
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау.
• Графика дегеніміз не?
• «Сурет өнері(графика)»- қағаз немесе қатырмақағаз (картон) бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, қылқалам көмегімен немесе баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл сөз гректің «grapo» «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
• Натюрморт дегеніміз не?
• «Натюрморт(жансыз заттар)»- француз сөзі, қазақша баламасы «жансыз заттар»- деген мағынаны береді. Олардың (жеміс жиектер, ыдыс аяқтар, геометриялық денелер, құрал жабдықтар т. б.) саны екі немесе оданда көп болуы керек.
- Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергендігін тексеру.
- Өткен материалды қайталата отырып, меңгерілген білімді оқушының есінде қалтыру.
ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Ертегіге барар жолда
Бақыт құсын табарсың.
Суретіңнің бояулары -
Мың құбылған жарасым.
Бізде одан көріп тұрмыз
Жаңбырда да бір барын.
Бізде одан көріп тұрмыз,
Желде де бір түс барын.
Бізде одан сезіп тұрмыз
Түсін бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз,
Тыныштығын бар елдің.
Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түрлі түсті түстер, жылы және суық түстер және кескіндеме өнері жайлы өтетінімізді ескертемін.
ІV. Жаңа сабақ
Тақырыпты баяндау.
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:
«Түрлі түсті бояумен сурет салу»
- Арнайы дайындалған слайдты интерактивті тақтадан көрсете отырып сабақты түсіндірем.
«Кескіндеме(живопись)»- бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу) байланысты кескіндеме техникасының түрлері мынадай болады: майлы бояу, субояқ (акварель), темпера, фреска, мозайка. Бұл сөз орыстың «живой писать» «тірі жазу» деген сөзінен шыққан.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі - түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк - бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа - райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!
V Сарамандық жұмыс
Бүгінгі өтілген сабағымыздың тақырыбына байланысты кескіндеме өнерінің бір жанры натюрморт саламыз. 4 Кезең бойынша натюрморт салу. Кезеңдер бойынша натюрморт салу схемасына қарай отырып суретті оқушылармен бірге тақтаға бормен орындау.
V І Сабақты қорыту
Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгендігін тексереміз ж - е жауаптарын.
Толықтыра отырып олардың естерінде алған білімдері толық сақталып қалуына жағдай жасаймыз.
VІІ Үйге тапсырма
Тақырыпты қайталап оқу. Натюрмортты аяқтау.
VІІІ Бағалау
Сабаққа қатысқан ж - е суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Алған бағалары жөнінде қысқа айтып өту. Қате салынған суреттер болса ескертулер жасау. Дұрыс жақсы салынған суреттерді көрсетіп олардың жетістіктерінің себебін түсіндіру.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Касымов К. С. Түрлі түсті бояумен сурет салу // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/izo/5-klass/file/5122-t-rli-t-sti-boyaumen-suret-salu-5-synyp (дата обращения: 22.12.2024)- Натюрморт в графике
- Фестиваль искусства
- Литературное кафе символистов Аполлон и Дионис
- Пасха — Святое Христово Воскресение
- Русский сарафан в музыке и в живописи
- Дымковская игрушка
- Кляксография
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 7455 пользователей.
Отзывы