Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Урок казахского языка и литературы

  1. Абишева Бахыт Абдуахитқызы ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы. "Б. Майлин атындағы орта мектеп-бақша" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ашық және қысаң дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейту, жасалу ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық: Ой өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын  және есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды  тілін, елін  құрметтеуге , бірізділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру..

Көрнекілігі: қима қағаздар,киндер сюрпризі, тәттілер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап, айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ.  Қайталау –  оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

-1-топ: Дауысты дыбыстан басталатын ұлттық спорт ойындарын жазу.

-2-топ: Ә дыбысынан басталатын 10  сөз тауып жазу.

-3-топ: А дыбысынан басталып, осы дыбысқа аяқталатын 10 сөз теріп жазу.

Пысықтау сұрақтары:
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Тіл дыбыстарын жасауға қандай дыбыстар қатысады?

3. Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?

4.Жуан дауысты дыбыс дегеніміз не?

5. Жіңішке дауысты дыбыс дегеніміз не?

Балалар бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылыар. Бүгін бізде ерекше сабақ болады. Бүгінгі сабақтың мақсаты: Ашық және қысаң дауысты дыбыстардың жасалу ерекшеліктерін түсіну және бүгінгі келіп отырған қонақтарға білім деңгейлеріңді көрсету.

III. Жаңа сабақ.  (Тірек сызбалар арқылы түсіндіру)

Ендеше балалар бүгінгі сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны арқылы жүргіземіз. Ойын шарты бойынша «Алтын қақпаға жету үшін «Ағаш қақпа», «Темір қақпа», «Күміс қақпалардың» тапсырмаларын орындау арқылы жетеміз.
-«Ағаш қақпа» тапсырмасы:

245- жаттығу.

-«Темір қақпа» тапсырмасы:

246-жаттығу.

-«Күміс қақпа» тапсырмасы:

Балалар шаршадық па? Қазір сендермен «Күміс қақпаны» ашу үшін «Адасқан әріптер» ойынын  және «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына шығарма жазу.

-«Алтын қақпа» тапсырмасы:

Тест тапсырмаларын орындау.

-Жарайсыңдар!

Білімге жол басталып,

“Алтын қақпа” ашылды.

Балаларды бір қуантып,

Ішінен шашу шашылды.

Жақсы білім көрсеткендерің үшін «Алтын қақпаның» тосын сыйы бар екен.

-Ол не нәрсе екен балалар!

- Киндер сюрприз

-Дұрыс айтасыңдар.

-Ал енді балалар мынаның ішінен не шығады екен?

-Мұның ішінде тәтті дәм бар екен. Өмірлерің ұзақ мәнді де, тәтті болсын!

Бағалау.

Үйге тапсырма: 244 – жаттығу.

І. Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызу.

ІІ. Мәтіндегі көнерген сөздерді тауып,  қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айту.

ІІІ. Әл-Фараби әмір тағына неліктен отырды? Ойды анықтау.

Раздел: Конспекты уроков по литературе для 5 класса
Автор:
учитель казахского языка и литературы, средняя школа имени Б. Майлина
Дата публикации: 12.12.2016
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Абишева Б. А. Урок казахского языка и литературы // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/liter/5-klass/file/35783-urok-kazakhskogo-yazyka-i-literatury (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию