конспект урока Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер
Сабақ тақырыбы: «Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер» тарауына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер» тарауы бойынша алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, қосымша мәліметтер беру.
Дамытушылық: Тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту , өздігінен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: графикалық диктант, ауызша есептер шығару, өзіндік ізденіс (тарихи мағлұмат), деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар.
Көрнекілігі: карточкалар, нақыл сөз, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, түгендеу, сабақ мақсатын оқушылармен анықтау, топ жетекшілерін сайлау: І топ: Айнұр, ІІ топ: Алина, ІІІ топ: Даниал).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: топ жетекшілері есеп береді № 112, 114, 142.
ІІІ. Өтілген материалдың игерілуін тексеру:
1. Графикалық диктант: иә- жоқ
- Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізін өзгеріссіз қалдырып, бөлінгіштің дәреже көрсеткішін бөлгіштің дәреже көрсеткішіне қосамыз (азайтамыз)
- (а 3)2 = а 5 тең (а 6)
- (- 3х2у8)2 = 9х4у16
- Дәрежені дәрежеге шығарғанда, негізін өзгертпей дәреже көрсеткіштері қосылады.
- 3-5 ∙ 33 = тең ( )
- Бөлшекті дәрежеге шығарғанда, оның аламының да, бөлімінің де әрбір көбейткішін осы дәрежеге шығарады.
- (2999+ 3001)0 = 6000 –ға тең?
- Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде, олардың дәреже көрсеткіштерін қосып, негіздерін өзгеріссіз қалдырамыз .
- (-а)10 ∙ а5 ∙ (- а)3 = а 18 (- а 18)
2. Ауызша есептер шығару арқылы жасырылған сөйлемді тауып, мағынасын ашу:
(а6х2)3 (Б) 1,4с4∙20с10 (І) 3а5в5)2 (Л) 7с8 (2с3)2 (І) (2а2х)3 (М)
102 – 52 (Қ) (А) (7-9)5∙1250 (З) х12 ∙ (х2)3 (Ы)
3 а3 ∙ (-ав2)4 (Н) х5 :(х∙х4) (А)
Б Қ Л З Н
а18х6 75 9а10в10 -32 3а7в8
Ы І А М
Х18 28с14 1 8а6х3
«БІЛІМ- ҚАЗЫНА»
ІҮ. Тарихи деректерге шолу:
1. Ұлы грек математигі Пифагор санның натурал көрсеткішті дәрежесін қандай да бір фигура түрінде көрсетуге болатындығын анықтаған.
22
• •
• •
32
• • •
• • •
• • •
42
• • • •
• • • •
• • • •
• • • •
2. Ағылшын математигі С. Стивин санды дәреже түрінде жазуды ойлап тапты: 3(3) + 5(2) – 4 . Қазіргі кездегі түрі:33 + 52 – 4
3. Дәрежені ең көп қолданатындар астрономдар. Олар әр қадамдарында алып сандармен кездеседі және олармен есептеулер жүргізеді. Мысалы: Андормеда тұмандығына дейінгі ара қашықтық 95000000000000000000 км , Күн массасы жуықтап алғанда 2000000000000000000000000000000 кг. Осындай алып сандарды жазу , есептеу қиындыққа соғады. Сондықтан санды стандарт түрде жазуды қолданады. км и кг. Сонымен қатар дәрежені биологтар, химиктер де қолданады.
4. Ертеде Ежелгі славяндықтар алып сандарды жаза білген, олардың арнайы атаулары болған:
«тысяща» = 103, «тьма» = 106, «легион» = 1012,
«леодр» = 1024, «ворон» = 1048, «колода» = 1049.
Ү. Білімді бекіту:
1. Деңгейлік тапсырмалар:
І- деңгей: « 3 »
1.Өрнектің мәнін тап: 24 •с-3, мұндағы с = .
2. Амалды орында:
а) (х7)3 • х12;
б) х -12 : х 3;
в) ( 3 х6 )3;
3. k- ның қандай мәнінде теңдік дұрыс болады: 58 : 5k = 54
ІІ деңгей: « 4 »
Есепте :
ІІІ деңгей: « 5 »
х-ті тап: х 26 29 = 217
2. Шығармашылық тапсырмалар:
1. Бос төркөздерді толтыр:
8 а5 = 2а3 (5а2 в)2 = 125 а8 в3
12 а6 в4 = 2,4 а8в5 6а3 ( )2 = 24 а13
- а7в = 3а10 в15
5 тапсырма- "5" 4 тапсырма - "4" 3 тапсырма- "3"
ҮІ. Қорытындылау:
1. «Ой толғаныс»: Бүгінгі сабақтан не алдым?
Білемін Білдім Білгім келеді
2. Өзара бағалау: Оқушылармен бірігіп оқушы білімін бағалау.
Бағалау парағы
Аты- жөні ______________________
№ Қызмет түрі Бағалау
1 Графикалық диктант
2 Ауызша жаттығулар
3 Тарихи деректерге шолу
4 Деңгейлік тапсырмалар
5 Шығармашылық тапсырмалар
3. Үй тапсырмасы: № 140, 145, 147
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Укужанова . К. Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/matem/7-klass/file/5218-natural-zh-ne-b-tin-k-rsetkishti-d-rezheler-tarauyna-esepter-shy-aru (дата обращения: 22.12.2024)- Свойства степени с натуральным показателем
- Смежные и вертикальные углы
- Математика против курения
- Математический поезд. Внеклассное мероприятие
- Одночлены
- Методы решения систем линейных уравнений
- Приведение алгебраических дробей к общему знаменателю
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 3437 пользователей.
Отзывы