Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Сценарий праздника "Новогодняя сказка" для детей 2-ой младшей группы на казахском языке

Включает методическую разработку

Көңілді  әуенімен балалар залға кіріп, биле бастайды

Жүргізуші:        Міне балалар, біз әсем безендірілген шыршаның жанында Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бәрің де шыршаға қараңдаршы, түсі жап-жасыл, ойыншықтар көп ілінді. Мына жанып тұрған кішкене жарықтарды қараңдаршы, қандай әсем! Өте сұлу шыршамыз бізді күтіп тұр екен. Кәне, мерекемізді бастайық. Жаңа жылдарың құтты болсын, балабақшадағы алғашқы мерекелерің сендерге жақсы көңіл – күй әкелсін!

Мына күтіп отырған кім?

Балалар:            Қоян.

Жүргізуші:        Дұрыс айтасыңдар, қоян. Біз қоянмен амандасып, қоянға қоянша секіре алатынымызды айтайық. Кәне, бәріміз музыка ырғағымен билейік.

«Сұр қоян» әні

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Жүргізуші:        Біздің ұлдар саған би көрсетеді

«Қояндар» биі

Жүргізуші:        Қоян менің құлағыма сыбырлап сендерге рақмет айтты. Кәне, бізді тағы кім күтіп отыр екен, қарайықшы. Бізді қоңыр аю күтіп отыр екен ғой. Кәне, бәріміз аюмен амандасайық. Аю, сен бізді ұзақ күткен шығарсың? Біздің балалар музыка әуенімен аю секілді жүру біледі. Кәне, бәріміз аюмен бірге аюдың жүрісін салайық.

Аю:                     Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші:        Енді бәріміз аюмен бірге ойын ойнап жіберейік!

«Аю мен қояндар» ойыны

Жүргізуші:        Балалар, аю сендерге риза болып рақмет айтып жатыр. Енді балалар екі қонағымызды алып, бірге би билейік.

«Мишка с куклой» биі

Жүргізуші:        Ал енді қонақтарымызды отырғызып өз өнерімізді көрсетейік. Тақпақ айтуға шығыңдар балалар!

1 бала:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз Ата оралып.

2 бала:

Сүйінші балалар

Ақ ұлпа

Жаңа қар

Қамтыды жерді

«Аққала» әні

Қар жауғанда топ бала

Соқтық келіп аққала

Мұрны сәбіз үп – үшкір

Көзі көмір қап – қара

Аққала, аққала

Сәлем жолда атаға

Көне шелек басында

Сыпырғышы қолында

Мұздайынды аршуға

Келгендей – ақ ол мұнда

Аққала, аққала

Сәлем жолда атаға

Есік тықылдайды, музыка әуенімен Ақша қар кіреді

Ақшақар:          Сәлеметсіңдер ме балалар мен қонақтар!

Жүргізуші:        Сәлеметсіз бе Ақшақар. Балалар келген Аяз Атаның немересі Ақшақар. Кәне бәріміз қайталайықшы Ақ-ша-қар! Ақшақар, Аяз Ата қайда? Бірге келді ме?

Ақшақар: Аяз Ата балаларға сыйлық әкелем деп сендерге кетті. Балаларды күттірмей деп  ертерек шықты. Ой! Балалар, Аяз Ата орманда адасып қалды шығар?! Оны құтқару керек шығар?

Жүргізуші:        Балалар, Аяз Атаны қалай құтқарамыз? Мүмкін, біздің қонақтарды көмекке жібереміз?

Балалар:            Иә!

Жүргізуші:        Кәнеки қонақтар, орманда Аяз Атаны тауып, балабақшаға алып келіңдер!

Қоян, аю: Жақсы! Біз кеттік!

Жүргізуші:        Ақшақар, біздің балалар Аяз Атаға арнап, би дайындады.

«Гимнастика» биі

Ақшақар: Рақмет, балалар. Кіп-кішкентай бүлдіршіндер өте жақсы айтады екенсіндер.

Есік тықылдайды, музыка әуенімен Аяз Ата кіреді

Жүргізуші:        Балалар, қараңдаршы, бізге Аяз Ата келді?

Аяз Ата:             Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар және немерем Ақшақар!

Жүргізуші:        Сәлеметсіз бе Аяз Ата. Балалар сізді күтіп кішкене шаршап қалды.

Аяз Ата:    Шаршап қалдыңдар ма? Онда қазір мен сіздермен ойын ойнаймын! Кәнеки, үлкен шеңберге тұрайық!

"Қарлар" ойыны орындалады

Аяз Ата:             Жарайсыңдар! Ал енді мен шаршап қалдым!

Жүргізуші:        Аяз Ата, сіз отырып, демалыңыз, ал біз, балалармен бірге сізге ән айтып берейік.

«Кішкентай шырша» әні

Кішкентай шыршаға

Суық далада

Әкелдік орманнан

Оны біз мында

Қаншама шыршада

Ойыншықтары

Қызыл, көгілдір,

Әр түрлі түсті

Алқа ілеміз

Шеңберде тұрмыз

Көңілді мейрамды

Қарсы аламыз!

Аяз Ата:    Жарайсыңдар! Жақсы демалып қалдым! Мен билегім келеді. Бір билесемк болады ма?

Жүргізуші:        Болады, балалар, Аяз Атамен бірге тұрып билейік!

«Жаңа жылдық билеу» орындалады

Аяз Ата:             Бәрекелді балалар! Қазір мен сендерге сыйлық беремін!

Қайда менің қабым? (Шыршаның жанында іздеп жүреді.) Ой – бай! Мен сыйлықтарды орманда тастап кеттім шығар? Кешіріңдер мені!

Ақшақар: Ата, біз орманға сені табу үшін қоянды, аюды және мысықты жібердік, олар балалардың сыйлықтарын табу тиіс!

Сол уақытта музыка әуенімен залға қоян және аю сыйлықтармен кіреді

Қоян:         Балалар, біз орманға келдік.

Аю:            Аяз Атаны тауып аламыз деп ойладық. Көп жүріп, шаршап қалдық, демалып отырайық деп ойладық. Қарасақ!

Қоян:         Үлкен шыршаның жанында, сыйлықтар жатыр екен! Біз оларды алып жинап балабақшаға әкелдік!

Аяз Ата:    Рақмет сендерге, сендер болмағанда біздің балалар сыйлықсыз қалатын еді! Қазір мен сіздердің топтарыңа барып, сыйлықтарын таратып беремін!

Жаңа жылдарыңыз денсаулық, бақыт, көп жаналық әкелсін! Бүлдіршіндеріңіз күлкісімен қуанта берсін, жылда осылай жаңа жылға жете берейік!

Жүргізуші:        Сау болыңыздар!

Раздел: Конспекты уроков по музыке для 1 класса
Автор:
КГКП "Ясли - сад "Улыбка" акимата Карабалыкского района
Дата публикации: 30.01.2017
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Балгина А. Д. Сценарий праздника "Новогодняя сказка" для детей 2-ой младшей группы на казахском языке // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/muzyka/1-klass/file/39125-stsenarij-prazdnika-novogodnyaya-skazka-dlya-detej-2-oj-mladshej-gruppy-na-kazakhskom-yazyke (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию