конспект урока Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сарқан ауданы
Бақалы ауылы Ағарту бастауыш мектебі мектеп писхологі: Нуржанова Индира Беимбетовна
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық
жаттығулар
Мақсаты : Балаларға өз- өздерін тануға , сезім мен қабілеттерін түсінуге көмектесу , оларды дамытып , жетілдіруге мүмкіндік жасау , өз – өздерін бақылау арқылы өздерін танытатын адамдарға баулу .
Кіріспе сөз: «Сәлеметсіз бе! Біз барлығымыз осы өмірде жетістікке жетуді қалаймыз. Сендердің түсініктеріңіз бойынша жетістік дегеніміз не және оған қалай жетуге болады екен? (қатысушылардың пікірлері), осы сұраққа жауап беру үшін мен сендерге барлық бөгеттерден өтіп «Жетістік» мемлекетінде болуы ұсынамын. Барлықтарының бір-бірінің қолдарын ұстап көздеріңді жабуды сұраймын, менің белгім бойынша, біз бәріміз «Жетістік» деген құпия қаласында боламыз (ән ойналады). Біз бәріміз осы қаланың тұрғындарымыз.
Әрбір күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. Бұл үшін мен келесіні ұсынамын – мен сендерге көрсетемін, — ашл сендер менің артымнан қайталайсыңдар «көбелек» жаттығуы».
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана айналып , барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
қандай дәстүрдің бірі ол қаланың негізгі алаңында үлкен сағаттардың орналасуы. Денсаулық серігі
1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... иекпен... өкшемен... арқамен.
2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады
3. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді . Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік-рухани бағдарларын анықтау.
Адамның адамгершілігі сыртқы іс-әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез-құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекетттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.
Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет-ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:
Құндылықтар пайыздық көрсеткіштері
Денсаулық 55%
Нәтижелі өмір 20%
белсенді іс – әрекетке толы өмір 15%
Адал және сенімді жақсы достардың көп болуы 5%
Материалдық жағынан қамтамасыз етілген тұрмыс 5%
Қорынынды: Сынаушылардың нәтижелері бойынша өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында , яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсінеді Өмірлерінің , болашақтарының нәтижелі және белсенді іс әрекетке толы болғанын қалайды.
« Мен саған сенемін» ойыны
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішт айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады.
«Есімдер» жаттығуы:
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Уақыты: 5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді ? Не қажеттігі?
(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл-күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Нуржанова И. Б. Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/nachalnaya-shkola/3-klass/file/19509-sergitu-s-tinde-o-ushylardy-k-il-k-jin-damytu-a-arnal-an-psikhologiyaly-zhatty-ular (дата обращения: 22.12.2024)- Я - патриот
- Весна пришла
- Открытия прямиком из ВДНХ
- Внеклассное мероприятие «У сказки тихий голосок»
- ТВОРИ ДОБРО
- Настроение человека. Положительные и отрицательные эмоции
- Произведения классиков отечественной литературы 19-20 веков, классиков детской литературы. И. А. Крылов
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 3511 пользователей.
Отзывы