конспект урока Кім болғым келеді?
Сабақтың
тақырыбы: Кім болғым келеді?
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және шағын мәтіндер
құрастыруға үйрету; сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топта, жеке
жұмыс істеу; оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты
ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын II жақта қолдануды жалғастыру. Оқу
материалдарын өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, әр түрлі әдістерді
қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік: басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу; мамандыққа
байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықты тексеру.
Фонетикалық жаттығу.
Есейемін, толамын,
Қияға ұшып қонамын,
Ойлау мұрат бүгінен
Өскенде кім боламын?
II.Үй тапсырмасын тексеру. «Дәрігер»тақырыбы бойынша
Мәтіннің мазмұнын айтып беру.
Сендер ,дәрігер туралы қандай өлең білесіңдер?
III.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Фонетикалық жаттығу.
Есейемін, толамын,
Қияға ұшып қонамын,
Ойлау мұрат бүгінен
Өскенде кім боламын?
IV. Жаңа сабақ. Лексикалык тақырып.
Сөздік жұмысы
қиын – трудно құрмет көрсету – оказать уважение
қызықты – интересно сыйлау, құрметтеу – уважать
жауапты – ответственный есепші - бухгалтер
1.Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
• Мұғалім мәнерлеп оқиды.
• Оқушылар дауыстап қайталайды.
• Оқушылар тізбекпен оқиды.
• Сөздер мен сөз тіркестерін құру.
• Сөйлемдер құрау.
Мамандық
Менің сүйікті пәнім-қазақ тілі. Қазақ тілі мұғалімі- Гүлназ апай. Ол сондай
ақылды, мейірімді адам. Біз ол кісіні құрмет тұтамыз, сыйлаймыз.
Оның әрбір сабағы қызықты өтеді. Біз қазақ тілі сабағында көп оқимыз,
аударамыз, жазамыз, ойнаймыз. Сергіту сәттерінде жұмбақ, әр түрлі сөзжұм- бақ
шешеміз. Қазақ тілінде көп мақал-мәтел үйренеміз. Мұғалім мамандығы жауапты
және қиын мамандық. Сол себепті мен мұғалім болғым келеді.
• Мұғалім мәтінді өзі мәнерлеп оқиды.
• Окушылар мәтінді кезекпен оқиды .
• Мәтінді әңгімелей білу.
Суреттермен жұмыс. (интерактивтік тақтаны пайдалану).
1. Жүргізуші . 7. Өрт сөндіруші.
2. Тігінші . 8. Әскери қызметкер.
3. Әртіс . 9. Құрылысшы.
4. Аспазшы . 10.Дәрігер.
5. Етікші . 11. Шаштараз.
6. Мұғалім . 12. Кітапханашы.
Тірек схеманы интерактивті тақтада көрсету.
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
Сызба бойынша жұмыс істеу./слайд/
Сендер қандай мамандықтарды білесіңдер Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?
Кім болаларды тәрбиелейді? Тәрбиешіні қайда көруге болады?
Бұл кім?
Наубайшы не істейді
Құрылыста кім үйлерді салады? Сатушы не сатады?Бұл қандай дүкен.
Бұл кім? Дәрігер не істейді? Аспаз не пісіреді? Ол қайда жұмыс істейді? Ол
қайда жұмыс істейді?
Балалар, суретте кімді көріп тұрмыз? Кім шашты қияды
Сатушы не сатады?Бұл қандай дүкен? Ол қайда жұмыс істейді?
(т.б. суреттермен осылай жұмыс істеу.
Грамматикалық тапсырмалар (интерактивтік тақтаны пайдалану).
1-тапсырма. Берілген сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап, олармен сөз
тіркестерін құрастыр.
Жұмыс ән колхоз оқу
наубай сату күй бақта
бал жазу күзет құтқару
кен дойбы құрылыс зерттеу
жүргізу түйе сауын қауын
барлау сын кітапхана мал.
2-тапсырма.
Бір сөзбен сөйлем құрастыру.
Мынау тігінші.
Тігінші ательеде жұмыс істейді.
Бұл он саусағынан өнер тамған тігінші.
Аудан адамдары бұл тігіншіні қатты сыйлайды
3-тапсырма.
Сызба бойынша әріптерді дұрыс қой.
4-тапсырма.
Қажетті сөздерді қойыңыз
.... киім тігеді.
... сабақ береді.
... адамдарды емдейді.
... сиыр сауады.
Дәптермен жұмыс.
• -шы, -ші жұрнақтарын жалғап сөйлем құрастырыңдар
Егін..., оқу..., тәрбие..., қой..., балық..., сату..., наубай..., аспаз... .
• Мен әнші
заңгер болғым келеді.
кәсіпкер
Сергіту кезеңі
Ұзын мұрты құмырсқа Алға қарай бір адым
Бара жатыр жұмысқа Артқа қарай бір адым
Алды допты қолына Оң жағына қарады
Қойды допты жолына Сол жағына қарады
Үлкен тау деп ойлады
Оқулықпен жұмыс
• Диалогты толықтырып өзара сөйлесіңдер
• Шағын әңгіме құраңдар.
Мен .... болғым келеді.
Ол не істейді?
Ол қайда жұмыс істейді?
Рефлексия
Сабақта не туралы әңгімелестік?
Қандай мамандықтар сендерге ұнайды?
Ал сен кім болғың келеді?Жақсы маман болу үшін не істеу керек?
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Үйге тапсырма
Жаңа сөздерді жаттау, 85 бет.1-тапсырма оқу.
«Мен кім болғым келеді? »эссе жазу.
Бағалау
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Кабдуллина А. М. Кім болғым келеді? // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/okr-mir/3-klass/file/4211-zin-zi-tanu-kim-bol-ym-keledi (дата обращения: 22.12.2024)- Охрана растений и животных. Красная книга
- Планируем в ежедневнике
- Святыни Земли Самарской
- Вода. Три состояния воды
- Викторина по окружающему миру
- Водосбережение
- Герб, флаг, гимн — официальные символы Ульяновской области