статья Психолог – келешектің мамандығы
Психолог – дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындыққа қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
С. Асанова
Осы сөз төркінінен психологтың кім екенін, қандай қасиеттері бойынан табыла алатын мамандық иесіне анықтама алуға болады.
Психолог қандай адам?
Ол әрқашан да дұрыс жолмен жүретін, әдемі сөйлей білетін, сүйкімді жымиып күле білетін, бір сөзбен айтқанда «өте керемет» тұлға. Ол әріптестер арасында жіптей қарым-қатынасты жалғай алатын, оны үзе де алатын адам. Ал ол нәрсені жасай алу әр адамның қолынан келе бермейтіні анық.
Психолог – маман кез-келген баланың эмоциялық жайы мен ерік-жігерінің нығаюына дамыту мен түзету жұмыстары маңызды ықпал ететінін әрі осы жұмыстар дұрыс бағытта жүргізілсе ғана, ешқандай мәселе туындамайды. Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына да психолог маманның беретін кеңесі маңызды болып саналады.
Қазіргі заманда барлық салаларда психолог қызметкерлердің алатын орны ерекше. Отбасында және т.б. туындаған мәселелер бойынша психологтың берген кеңесі сол жағдаяттан шығуға, ата-аналардың нақты бір шешім қабылдауына да себепші болатын маман – психолог. Бүгінгі өмірлік мәселелер балалардың, тіпті, кез-келген адамның психолог маманға барып кеңес алуын, психологиялық жағынан сауықтандыратын тренингтерге қатысуын талап етуде. Қазіргі кезде психолог мамандарға барлық салада сұраныс артып келеді. Педагогтар арасында да түрлі тренингтер жүргізіп, сауалнамаларға жауаптар алып, отыратын осы психологтар. Мекеме жанашыры, әрі сырлас досы бола білетін мамандарда – психологтар.
Психолог – қоғамдағы тұлғаның психологиялық және әлеуметтік дамуына көп көңіл бөледі. Қоғамдағы дағдарысты жайлар, білім беру жүйесін қайта құрулар, жеке тұлғалардың соның ішінде балалардың бойында жиналған күйзелістері – психологтың жұмысын күрделендіреді. Баланың барлық өтпелі кезеңдерінде психологиялық қызметтің ерекше назары мен бақылауы басшылыққа алынатыны сөзсіз. Себебі, өмірдің өзі оқушының өз тарапынан қиын жағдайларда ізденіс пен таңдау жасауына бастамашылдық танытуын талап етеді. Кәсіби, құзіретті психолог маман баланың зияткерлік және өзге де қабілеттерін ашады, дарындыларға қолдау көрсетеді. Педагог мамандармен бірлесе отыра тәрбиелеу мен білім беруде қиындық тудыратын топтардың, қиын отбасылардан шыққан балалардың басындағы мәселелерді шешуге көмектесе отырып, отбасы мен балабақша мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартады. Баланың психологиялық ерекшеліктерін білмейінше, оларды оқытып тәрбиелеуге болмайды. Бала мен бала, бала мен ата-ана, тәрбиеші мен бала арасында қарама-қарсы кездесетін жағдайлар болып тұрады. Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, психологиялық көмек көрсету, тәрбие үрдісін дұрыс жолға қою – психолог қызметінің басым міндеттері. Барлық салада психолог қызметі ауадай қажет-ақ. Психолог бірінші кезекте мықты кеңесші, зерттеуші және түзетуші. Психолог – өз ісін жетік білетін, саналы кеңес беретін жаңашыл маман болуы керек. Психолог - әр адамның жан дүниесін ұғынуға, жәрдем беруге ұмтылады. Бір сөзбен айтқанда жан дүниедегі кеселді жайлап жылы сөзбен жайлап емдеуші адам. Психолог маман – отбасында ана, өз ісіне жауапты тұлға. Жақсы психолог көңілге демеу, жанға қуат береді.
Психолог мамандығы келешекке қажетті мамандықтардың бірегейі болып қала бермек! Мемлекетімізге де жағымды ахуал қалыптастыруға да осы мамандық иелерінің көтерер жүгі – ауыр. Келешекке кемел біліммен демекші, өркениетті елдің білікті мамандары тәуелсіз мемлекетімізде көбейе береі анық. Адамдары да болашаққа сеніммен қарап, көк туымызды мәңгілік желбірететініне күмәніміз жоқ. Мәңгілік елдің дамуына да психологтардың қосатын үлестері де зор. Осындай мамандық иесі болып жүргенімді мақтан ете айта аламын. Менің күнделікті қызметім осы мәселелер төңірегінде өрбіп отырады. Мамандығым – мақтанышым. Әр күн сайын адамдарға қуаныш сыйлау менің күнделікті өмірдегі міндеттерімнің бірі болып саналмақ.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Жунисова А. . Психолог – келешектің мамандығы // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/19826-psikholog-keleshekti-mamandy-y (дата обращения: 22.12.2024)- Разновозрастное обучение в малокомплектной школе
- Алкоголь и потомство
- Нейросети и математика: будущее образования
- Использование информационно-коммуникационной технологии для организации занятий по развитию речи, занимательной математике и музыке в школе раннего развития для малышей Золотой ключик
- Промежуточная аттестация по английскому языку
- Использование компьютерных тестовых программ в учебном процессе.
- Развитие математических представлений у дошкольников
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 10796 пользователей.
Отзывы