Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

статья Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн

Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,  егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.   Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып,  бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын.   Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады,  екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай,  сонан соң Ұлыбритания мойындады.   Оның артынан Моңғолия,  Франция,  Жапония,  Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.   Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет.   Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн.   Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты,  бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды.   Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған,  елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген.   ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген.   Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап,  кейіннен басқа да елдер мойындап жатты.   Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты.   Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап,  дипломатиялық қатынастар басталды.   Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.   Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің,  көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.   Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі,  ұлттық қауіпсіздігі,  экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі,  Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.

Бүгін міне,  тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында,  біз артқа карап,  Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты,  сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз.   Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты.   Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы,  қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар,  мақалалар,  кітаптардың сатылымнан жоғалуы,  жоғарғы билеуші таптың басымдылығы,  біздің ержүрек,  батыл,  намысшыл жандарымызды ызаландырды.   Сөйтіп,  халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.

Осының бәрі,  бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді.   Себебі,  жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері,  тәуелсіздікке әкелген бастама десек,  қателеспейміз.   Бүгін міне,  желтоқсан оқиғаларына 30 жыл.   Уақыт келе,  сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймызӘрине,  сонау 25 жылда,  еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті,  биік белес,  асуларды алды.   Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті.   Яғни,  ұлттық кауіпсіз,  ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік,  ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.   Енді біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр.   2012 жылы желтоқсан айында,  Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясын қорытындылай отырып,  мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады.   Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің,  дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Иә,  25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді.   Экономикалық,  әлеуметтік,  интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз.   Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ,  Елбасы айтқандай,  мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы.   Астана тәуелсіздіктің белгісі,  үні,  келбеті деуге де болады.   Осы жерді басып жүріп,  шын мәнінде,  біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанам.

Алдымызда,  100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”.   Бұл сындарлы сәт еліміздің бірлігін, татулығын көрсететін және Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш ететін кез болмақ.  Халқымыз  «Тірліктің күні-бірлікте» демей ме, ендеше бірлесе отырып әлемдік шарамыздың сәтті өтуіне ат салысайық.  Еліміздің береке-бірлігі арта берсін.  Тәуелсіздігіміз Мәңгілік болсын!!!

Раздел: Статьи на образовательную тематику
Скачивая материал, я соглашаюсь с условиями публичной оферты.
  Скачать статью (17.12 kB)
Автор:
учитель истории, КГУ "Аксуатская средняя школа имени К.Нурбаева"
Дата публикации: 16.05.2017
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Токишева Ж. Е. Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/44616-bayandama-egemendik-stanymdaryn-biikke-k-teretin-k-n (дата обращения: 23.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию