Для подтверждения авторства введите
e-mail, указанный при добавлении материала.
На этот адрес электронной почты будет отправлена ссылка для редактирования

конспект урока Лексика

Включает методическую разработку

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау                        

Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: лексикадан алған білімдерін пысықтау, тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, талдау формасын қалыптастыру.
б) дамытушылық: оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, белсенді ойлау қабілеттерін жетілдіру.
в) тәрбиелік: өзін - өзі тани білуге, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өткен материалды қайталау
Көрнекіліктері: суреттер, үлестірме карточкалар, қима қағаздар, кестелер.
Сабақтың әдісі: синквейн, түсіндіру, оқу, сұрақ-жауап, кластер, венн диаграмма
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе сөз.
Қазақ тілім – өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!

Салеметсіңдерме, здравствуйте,  good morning

Отырыңдар, садитесь, sit down please

Бүгін кім кезекші? Who is on duty today?  Кто сегодня дежурный?

Бүгін нешесі? What is the date today?  Какое сегодня число    

Оқушылар іштерін өздеріне тілек тілейді, 15 секундтан кейін жұптасып, жұбына өзіне не тілесе, соны тілейді.

  1. Оқушыларды мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
    І топ: «Оқу-білім» / знание/ knowledge
    ІІ топ: «Достық» /дружба/ friendship

III топ «Отан» /Родина/Homeland

Әр топ өз топтарының аттарын үш тілде айтады.

 

2.Тапсырмалар орындау

1 тапсырма.

 Лексика тарауына «Кластер» әдісін жасау. Әр топқа бір ватманнан беріледі және оны қорғайды.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма.

1-топ. Сөздік құрамның тармақтарын сызба түрінде көрсетіңдер?

2-топ. Сөздердің мағыналық топтарын сызба түрінде бейнелеңдер?

3- топСөздердің синонимдік қатарын қамтитын сызбалар құрыңдар.

 

3-тапсырма.

  1. Шығармашылық жұмыс.
    І топ: «Оқу-білім» / знание/ knowledge- туралы шағын эссе жазу, не болмаса өлең жолдарын құру;
    ІІ топ: «Достық» /дружба/ friendship-туралы шағын эссе немесе өлең жолдарын құрастыру

III топ «Отан» /Родина/Homeland-туралы шаған эссе немесе өлең жолдарын құрастыру

3.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды алға созамыз,

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді аламыз.

4 тапсырма

Мақал-мәтел сайысы /ауызша/

5.тапсырма

«Синквейн» әдісі

1-топ. Оқу

2-топ. Достық

3-топ.Отан

4.Сабақты бекіту

«Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақтар қойылып, ережелер қайталанады;

Қай топ жылдам және шапшаң жауап береді.

-Табу сөзі дегеніміз не?

-Мақал-мәтел дегеніміз не?

-Кірме сөздер дегеніміз не?

-Тұрақты тіркес ойлап тап?

-Мақал мен мәтелдің айырмашылығын тап?

-Қандай жаңа сөздер білесіңдер?

-Омоним дегеніміз не?

-Антоним дегеніміз не?

-Синоним дегеніміз не?

-Көп мағыналы сөздердің омонимнен айырмашылығы неде?

-Эвфемизм дегеніміз не?

-Дисфемизм дегеніміз не?

-Жалпы лексика нені зерттейді?

-Антонимге бір мысал?

5.Сабақты қорытындылау

Венн диаграммасын жасау

1-топ Мақал-мәтел

2-топ Синоним, Омоним,Антоним

3-топ Эвфемизм , Дисфемизм

5.Үйге тапсырма

«Лексика » атты шағын әңгіме жазып келу.

6.Рефлексия

Бүгін мен.......... атты рефлексия жүргізу. Оқушылар кезекпен шығып өз ойларын жазады

 
   

 

7.Бағалау

Топтарды мадақтап,  бағалау

Раздел: Материалы на образовательную тематику
Автор:
ГУ "Садчиковская средняя школа"
Дата публикации: 19.12.2017
© При использовании материала ссылка на автора и сайт обязательна!
  Получить выходные данные
  Внести правки в свой материал

 Выходные данные (библиографическая ссылка):

Мустафина Д. М. Лексика // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/varia/file/51656-leksika (дата обращения: 22.12.2024)
  Скачать сертификат о публикации
  Заказать рецензию на публикацию