конспект урока Ағашты бұрғымен тесу. Тесу құралдар. Ағашты тазалау.
Тақырыбы: Ағашты бұрғымен тесу. Тесу құралдар.
Ағашты тазалау.
9-сынып №5сабақ :
Сабақтың тақырыбы: Ағашты тесу. Құралдар. Ағашты тазалау
1. Білімділік: алдыңғы сабақтардағы өткен тақырыптар бойынша оқушының алған білімін шығармашылық жоба тарауларында жаңа тақырыптармен ұштастыру.
2. Дамытушылық: оқушының кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбек іскерлігін, икемділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын ұштау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, техникалық карта.
Қажетті құрал- саймандар: ара, балға, сүргі, бұрыштама, сызғыш, карандаш, ағаш материалы.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математека.
Сабақтың түрі: сарамандық және теориялық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Өткенді қайталау
1. Ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін блесіңдер?
2. Араның түрлерін атаңдар ?
3. Ағаш қасиетіне тоқталамыз ?
4. Балташының негізгі құралдарын атаңдар?
III.Жаңа сабақ.
Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін ұсталар тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп, мезгілінде кептіріп отырған. Мысалы, үйшілер үйдің сүйегіне қажет кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап, керекті қалыпқа түсірген.
Бүгінде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ. Ағашты өңдеп, оған ою- өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен сендер еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіңдер. Әрине мұның бәрін құрал- саймансыз жүзеге асыра алмайсыңдар. Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандармен танысайық .
Ағашты кесіп, дайындауға қол ара,балта, кернеу ара қолданылады. Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, қарапайым сүргімен, үлкен сүргімен т.б. Құралдармен өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал – қол ара. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады. Араның тістері екі түрлі қызымет атқарады: біріншіден , ол ағаштың талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағашты сүргілеу.
Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа қабаты алынып тасталады. Оны жоңқа деп атаймыз. Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көптараған түрлері – сүргі,шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады.
IV.Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау. 2. Құрал-жабдықтар ара, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай. 3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстөлінің үстіне тегіс жатуы тиіс. 4.Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см), трек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексереді. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.
V.Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Құралдардың аттарын жаттау.
VII.Жұмыс орнын тазалау.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Зайнышев А. Ж. Ағашты бұрғымен тесу. Тесу құралдар. Ағашты тазалау. // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/tehnology/9-klass/file/5212-a-ashty-b-r-ymen-tesu-tesu-raldar-a-ashty-tazalau (дата обращения: 23.12.2024)- Конспект урока "Семья и бизнес"
- Кулинарный эрудит
- Обработка отложного воротника
- Роль способностей в профессиональном выборе
- Калейдоскоп профессий
- Контроль производства и качества пищевых жиров
- Раскрой шорт по готовым лекалам
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 7377 пользователей.
Отзывы