статья Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамытуды педагогикалық қолдау
Темиргалиев Дидар Тулеуұлы
технология және сызу пәнінің мұғалімі
Май ауданы білім беру бөлімі
«Қосымша білім беру мекемесі»
«...Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рақмет табу, соның рақатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.»
Әл-Фараби
Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттеді, яғни, тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
ХХ ғасыр ғылым мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Ғылым мен техника небір шыңдарға жеткен сайын, кәсіби салада әр түрлі техникалық мамандықтар пайда болып, қазіргі жастардың мамандық таңдау мүмкіндігі де кеңейіп барады. Ал мамандықты дұрыс таңдай білу, өз мүмкіндіктерін бағалай білуде – қосымша білім беру мекемелерінің ықпалы зор. Егер бала техника жағына икемді болып келсе, ол міндетті түрде болашақта техника саласындағы мамандықты таңдайды. Білім саласында кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Оған – мұғалімнің технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым – жабдықтардың жасалу әдістерін дұрыс түсіндіре алуы, сабақ барысында баланың шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білуі арқылы баланың қолөнеріне деген қызығушылығын оята алуға себеп болады. Қазақ халқы «Баланы жастан» деп айтқандай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының «Он саусағынан бал тамғандай» етіп тәрбиелеуде технология сабағының ықпалы зор.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Темиргалиев Д. Т. Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамытуды педагогикалық қолдау // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/10164-osymsha-bilim-beru-zha-dajynda-o-ushylardy-shy-armashyly-yn-damytudy-pedagogikaly-oldau (дата обращения: 22.12.2024)- Проведение предметной недели по «Технологии»
- Инновационная деятельность учителя начальных классов
- Алкоголь и лекарственные препараты
- Деятельность по формированию здорового образа жизни как одно из направлений воспитательной работы в общежитии колледжа
- Новые подходы в преподавании и обучении
- Анализ применения упрощенной системы налогообложения в современной России
- Развитие познавательных способностей учащихся
Вместе мы делаем образование лучше!
Сейчас на сайте 10261 пользователь.
Отзывы