статья ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI
Әлемнiң жетекшi елдерiнiң көпшiлiгi бiлiм беру жүйесiн, бiлiм берудiң мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесiне қарап бағалайтын болды. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк пен дағды, iскерлiкке қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке – ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегi қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы бiлiм беруге қойылатын талаптарды түбегейлi өзгерттi.
Дүние жүзiндегi инновациялық процестердiң барлығы кез - келген мемлекеттiң экономикалық дамуының жоғары деңгейiн қаматамасыз етумен бiрге, ғылыми-техникалық iлгерiлуiн де едәуiр жылдамдатады. Өйткенi, мемлекет дамуының негiзi болып табылатын инновациялық саясат кез - келген бәсекеге қабiлеттi мемлекеттегi ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми - техникалық процесс бүкiл әлемде «инновациялық процесс» - ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етедi. Инновациялық процесс жаңа бiр өнiмнiң алынуын бiлдiредi де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейiнгi ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлi қарым - қатынастар (өндiру, алмасу, тұтыну) кешенiн өз қарамағына алады.
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңының 8-бабында «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желiлерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазiргi кезеңде әрбiр мұғалiмнiң алдына қойып отырған басты мiндеттерiнiң бiрi- оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1,5].
Осы орайда, бiлiм берудiң мақсаты – қазiргi қоғам талабына сай алынған терең бiлiм, бiлiк, дағдылар мен құзырлықтардың негiзiнде еркiн бағдарлай бiлетiн, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетiнше дұрыс, тиiмдi шешiмдер қабылдауға қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – бiлiм беру мекемелерiнде жеке тұлғаның танымдық белсендiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзетiн оқу процесiн ұйымдастырудың тәсiлдерiн, әдiстерi мен нысандарын iздестiруге өзектi сипат бередi.
Бiлiм беру мекемелерiнiң алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелi, нақты бiлiм беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажеттi деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның бiлiм деңгейiн, шығармашылық қабiлетiн қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық бiлiм беретiн мекемелердiң дағдылы iсiне айнала қойған жоқ. Әлi де болса көптеген оқу орындары оқыту процесiн ұйымдастыру мен жүргiзуде оқытудың дәстүрлi әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесiн сапалы түрлендiруге, жаңашыл жобаларды енгiзуге, оны тиiмдi басқаруға негiз болып, әрбiр бiлiм мекемесiнде өзiндiк даму жолын табуға, әрбiр мұғалiмге өзiнiң әдiстемелiк жүйесiн құруға септiгiн тигiзер едi. Сондықтан қазiргi кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсендi түрде ендiру – қоғам талабы.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етiп, оларды оқу үрдiсiн жетiлдiру бағытында қолдану мәселелерiмен В.П.Беспалько, К.Ж.Бұзаубақова, Қ.А.Сарбасова, М.М.Жанпейiсова, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина және т.б. ғалымдар айналысты [2-6].
«Технология» - ұғымы соңғы кездерi ең көп қолданылатын ұғымдардың бiрiне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, бiлiм беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдiк технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрi болмасын, өзiнiң мәнiн анықтап, сипаттама берудi қажет етедi. Қазiргi кезеңдегi ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берiлген анықтамалар баршылық. Алайда бiлiм беру жүйесiнде дәл қазiргi кезеңде жүрiп жатқан процестердiң технологиясының мәнiн ашып, түсiндiретiн жалпы анықтама әлi де болса бiр жүйеге келген жоқ
Бiлiм беру жүйесi басқару органдарынан, түрлi типтегi және деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнен, жүйенiң жұмыс iстеуi және дамуын қамтамасыз ететiн қаржы қорлары мен материалдық объектiлерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделi құрылым болып табылады. Технологиялық тәсiл бiлiм беру жүйесiнiң кез-келген саласында (басқару, бiлiм беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкiн. Сондықтан, «бiлiм беру технологиясы» - деген сөз тiркесiн бiрыңғай түсiндiру мүмкiн емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процестi оқыту процесi деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.
«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлiк , «logos» – iлiм, бiлiм, оқу, ғылым деген мағыналарды бiлдiретiн, грек тiлiнен енген екi сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминiн - өнер туралы ғылым немесе шеберлiк туралы ғылым - деп аударуға болады.
АҚШ пен Батыс Европада XX – ғасырдың екiншi жартысынан бастап оқыту процесiнiң технологиясын жасау бағытындағы iзденiстер белсендi түрде жүргiзiле бастады. Осы уақытта оқыту үрдiсiне техникалық құралдардың енуiне байланысты «бiлiм берудiң технологиясы» - терминi кеңiнен қолданыла бастады. Кейiнiрек, түрлi техникалық құралдарды қолдану әдiстерi жөнiндегi еңбектердiң ықпалымен бұл терминдер «педагогикалық технология» - деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдiс шет елдерде кеңiнен қызу талқылана бастады. Мұнда негiзгi екi бағыт көзге түстi. Бiрiншiсi, бұрынғыша технологиялық әдiстi, техникалық құралдарды қолданумен байланыстырылса, екiншiсiнiң құрамында оқу процесiнiң өзiн ұйымдастырудағы технологиялық әдiстер дами бастады да педагогикалық технология «оқытудың технологиясы» - деген термин пайда болды [7].
60-шы жылдардың аяғы, 70-шi жылдардың бас кезiнде АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония т.б. көптеген елдерде оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту процесi бiлiм беру процесiнiң бiр ғана бөлiгi болып табылатындықтан, «оқытудың технологиясы» терминiнiң мағыналық аясы өте тар. Мұндай олқылық «тәрбиенiң технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» - ұғымдарына да тән. Қазiргi кезеңде батыста бiлiм беру саласындағы технологияны белгiлеу үшiн «бiлiм беру технологиясы» - ұғымы пайдаланылып жүр. Осы ұғымның ғана мейлiнше аясы кең, бiлiм берудiң түрлi салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, бiлiктiлiктi арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлi оқыту мекемелерiндегi оқыту процесiңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «бiлiм беру технологиясы» - терминiн бүкiл бiлiм беру жүйесiн технологияландыру заңдылықтарын зерттейтiн ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар едi. Бiрақ, әзiрше бұл термин көп жағдайда тек мектептегi оқыту процесi төңiрегiн сипаттауда ғана қолданылып жүр [7].
«Бiлiм беру технологиясы» - ұғымын мұғалiмдер мен оқушылардың бiлiм берудiң жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесi технологиясы ретiнде қолданамыз. Бiлiм берудiн технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, бiлiм беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.
Сырттай қарағанда, технологияның әдiстемесi мен оқыту үрдiсiңдегi әдiстемелiк және технологиялық әдiс-тәсiлдер арасында қарама-қайшылық жоқ. Себебi, «оқытудың әдiстемесi» - ұғымы «бiлiм беру технологиясы» - ұғымынан әлдеқайда кең. Дәлiрек айтсақ, әдiстеме «не үшiн, неге және қалай оқыту керек?» - негiзгi үш сұраққа жауап беруге тырысады. Ал, технология болса, мақсат белгiлi болып, оған жетудiң нақты iс-әрекетiн, жолдарын анықтау қажет болған сәтте ғана iске кiрiседi. Олай болса, технология әдiстемелiк процестiң құрамына енiп, әдiстеменi жүзеге асыруға қызмет етедi деген қорытынды жасауға болады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеушiлерi педагогикалық технологияны психология, әлеуметтiк философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды бiлiм беру және кибернетика элементтерiнен тұратын пәнаралық конгломерат ретiнде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны — оқыту үрдiсiн түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, бiлiмдi адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы бiлiмдi игеру, және осы жолда тиiмдi түрiне жету үшiн оларды жоспарлаудың жүйелi әдiсi ретiнде қарастыруға болады.
Бiлiм берудiң технологиясы педагогикалық пән ретiнде дидактикадан кейiнгi орынды алады. Оқытудын технологиясын — қолданбалы дидактика десе де болады. Бiр сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту iс - әрекетiнiн әдiс-тәсiлдерi мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Қазiргi бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейiнше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкiн емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсiптiк, адамгершiлiк, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетiнiң қалыптасуына игi әсерiн тигiзедi, өзiн-өзi дамытып, оқу-тәрбие процесiн тиiмдi ұйымдастыруына көмектеседi. Қазiргi педагогика жаңалықтарын пән ерекшелiгiне қарай қолдана бiлу - оқыту мақсатына жетудiң бiрден - бiр жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудiң тиiмдi, нақты жолдарын көрсетедi. Оқытудың жаңа технологиясы iс-әрекеттiң жоспарланған нәтижесiне жетудiң шартты тәсiлi ретiнде қарастырылатын жаңа әдiстердiң жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлi оқыту технологиясынан ерекшелiгi мынада:
- бiлiм алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт iшiнде қабылдау дәрежесiнiң жоғары мөлшерiне жетуiне бағытталғандығы;
- бiлiм алушы мен мұғалiмнiң белсендiлiгiнiң сәйкес болуы;
- мұғалiм мен бiлiм алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершiлiктiң мiндеттiлiгi.
Оқытудың дамыту функциясы бiлiм алушы тұлғасын жетiлдiруге бағытталған арнайы дайындалған кейбiр оқыту технологиясында, әдiстемелiк жүйелерi мен әдiстерде жүзеге асырылады. Оларға бүгiнгi өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдiк оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрiн алсақ та, олардың тиiмдiлiгi тек қана мұғалiмнiң шеберлiгiмен және осы шеберлiктi шыңдай түскендiгiмен ғана шын күшiне ие бола алады. Сондықтан бiлiм алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдiстемелiк құралдардың жүйесi мен амалдары әр мұғалiмнен оларды терең игеруiн, iске асыруын және оған сай болатын iскерлiктi талап етедi.
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Төлегенова И. Қ. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИIМДIЛIГI // Международный каталог для учителей, преподавателей и студентов «Конспекты уроков» // URL: https://xn----dtbhtbbrhebfpirq0k.xn--p1ai/other/articles/file/57124-o-ytudy-zha-a-tekhnologiyalaryn-pedagogikaly-protseste-pajdalanudy-tiimdiligi (дата обращения: 22.12.2024)- Интерактивные формы обучения английскому языку
- Учитель - это призвание
- Влияние слов на жизнь человека
- Обобщение опыта работы по развитию классного самоуправления
- Развитие навыков критического мышления при составлении сиквейнов и диамант
- Образование в послевоенное время в Тобольском районе
- Ресурсы семьи